ТЖ кезінде той жасағаны және оған қатысқаны үшін 15 тәулікке қамалуы мүмкін – ҚР әділет министрлігі

Астана. 30 наурыз. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Төтенше жағдай (ТЖ) кезінде той жасағаны және оған қатысқаны үшін 15 тәулікке қамалуы мүмкін, деп мәлімдеді Қазақстанның әділет министрі Марат Бекетаев.
«Әкімшілік кодекс баптарының диспозициясы тойды ұйымдастыру және оған қатысу секілді айырмашылықты қарастырмайды. Жаза түрі бірдей болады», - деді Бекетаев дүйсенбідегі брифингте.
Сондай-ақ, бұзушылық үшін ескерту беріледі, Т26,5 мың көлемінде айыппұл салынады немесе 15 күнге әкімшілік қамауға алынады.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан да табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Бұған дейін Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 294 жағдайы тіркеліп, 20-сы жазылып, бір адам көз жұмған еді.

adimage