ҚTЖ құрылымының бұрынғы қызметкері Қостанайда жұмысқа орналастырамын деп пара алғаны үшін айыппұл төледі

Күні: 12:03, 04-09-2019.

Астана. 4 қыркүйек. ҚазТАГ - «ҚТЖ» ҰК – Жүк тасымалы» АҚ филиалы - Қостанай жүк локомотив депосының бұрынғы бастығы Б. Қалмаханбетовке Қостанай қаласында жұмысқа орналастырамын деп пара алғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік.
«2019 жылғы 2 қыркүйекте Қостанай қаласының №2 соты Б. Қалмаханбетовке пара мөлшерінен 30 есе артық, яғни Т9 миллион айыппұл салды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қалмаханбетов мемлекеттік қызметте, судьяларда, жергілікті өзін-өзі басқаруда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның департаменттерінде өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылды.
Еске сала кетейік, 25 шілдеде Қалмаханбетов электровоз жүргізушісі арқылы жұмысқа орналастырамын деп жеке адамнан Т300 мың көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталғандығы белгілі болды.


Жаңалықтармен бөлісу: