Астана. 2 сәуір. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. ҚР ІІМ ТЖК басшысының орынбасары Марат Күлдіков Көкшетаудағы үйлерді су басу себептерін атады.
«Көкшетауда бүгін сағат 04.50-де Қылшақты өзеніндегі су деңгейі күрт артып, өзен суы арнасынан тасыған, сөйтіп жақын маңдағы 6 үйді су басып, 15 аула суға кетті. Қазіргі таңда инженерлік жұмыстар жүргізілуде, өзен жағалауына топырақ төсеу және сол үйлерден су айдау жұмыстары жасалуда. (…) Қазір су деңгейі қазір төмендеуде», - деді Күлдіков сейсенбідегі үкімет кулуарында.
Еске салсақ, 31 наурызда ТЖК елді мекендерді су басу қаупі туралы хабарлады. Хабарда атап өтілгендей, Ақмола және Қарағанды облыстарында су басу қаупі төнген учаскелерде алдын-алу шаралары және оны тоқтату жұмыстары жалғасуда.
«Ақмола облысында бөгеттің бұзылуына байланысты Кенесары, Ивановский тоғандарына және Көкшетаудағы Қылшақты өзенінің ағысына мониторинг жасау орындары қойылған. Оған 258 адам мен 20 бірлік техника жұмылдырылған. Тәулік бойғы режимде жедел штаб Ақмола облысындағы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілуде. Жағдай тұрақты», - деп нақтылады ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
ТЖК Көкшетаудағы үйлерді су басу себептерін атады
