ТЖК Нұр-Сұлтандағы «Британдық квартал» ТК өрт себебін атады

Астана. 10 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанның ІІМ ТЖК Нұр-Сұлтандағы «Британдық квартал» ТК өрт себебін атады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Өрт себебі – жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы (шатырды жөндеу жұмыстарын «BI Servis»ЖШС жұмысшылары жасаған)», - деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Еске салсақ, 9 шілдеде сағат 19.39-да Нұр-Сұлтан ТЖД «101» тетігіне Сарқырама көшесі бойындағы бесқабатты тұрғын үй – «Британдық квартал» ТК-нен өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер сағат 19.45-те келіп жеткенде мансард түріндегі бес қабатты үйдің шатыры жалындап жанып жатқан, өрт алаңы шамамен 100 ш.м. құраған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін үйдегі барлық тұрғын өз беттерімен қауіпсіз жерге шыққан. Өрт қабылданған шаралармен 21.56-да ауыздықталып, 23.02-де толық сөндірілді. Өрт шарпыған жалпы алаң 600 ш.м. құраған. 

adimage