«Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2020 жылғы 23 қазандағы №701 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде: көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер тізбесінде: 1, 2, 3 және 3-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің Мартбек Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
3-1. «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің Көкіұлы Есет батыр атындағы 20982 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі», - деп үкіметтің қаулысының жобасында айтылған.
Бұл шешімге республикалық ономастика комиссиясының 2024 жылғы 24 қаңтардағы қорытындысы негіз болған.
Түсіндірме жазбаға сәйкес, азаматтық қорғаныс әскери бөлімдеріне батырлардың жеке есімдерін беруге байланысты өзгерістер енгізу әскери-патриоттық тәрбие деңгейін, әскери қызметшілердің міндеттерді орындауға дайындығын ұстау бойынша жеке жауапкершілігі мен уәждемесін арттыруға ықпал етеді.
Фото көзі: Ашық дереккөз