Қуандық БИШІМБАЕВ, ЭДСМ вице-министрі: 2011 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДА КАТАКЛИЗМДЕР БОЛЖАНЫП ОТЫРҒАН ЖОҚ

Астана. 25 тамыз. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Экономикалық даму және сауда вице-министрі Қуандык Бишімбаев әлемдік экономиканың даму перспективалары тақырыбындағы семинар шеңберінде журналистермен, соның ішінде ҚазТАГ тілшісімен қазақстандық экономиканың өсіміне қатысты ведомствоның болжамдарымен бөлісті.

 

- Экономикалық даму және сауда министрлігі 2010 жылы ЖІӨ-нің нақты қандай өсімін болжап отыр?

 

- I жартыжылдықта Қазақстанның ЖІӨ-нің өсімі 8% құрады. Көптеген секторлар, соның ішінде құрылыс, өңдеуші өнеркәсіп жоспарланғаннан жоғары көрсеткіш көрсетті. ЖІӨ өсімі 4%-дан жоғары болатын жағдайлар бар. Біз ол 5%-ға жетеді деп болжап отырмыз (2010 жылдың қорытындысы бойынша - ҚазТАГ ). Бұл макроболжамды үкіметтің талқылауына шығардық. Қазір оны экономикалық ведомстволар талқылап жатыр.

 

- ЖІӨ өсіміне қатысты бұл болжам үкімет күзде парламентке енгізуді жоспарлап отырған 2010 жылға нақтыланған бюджеттің жобасына алынуы мүмкін бе? Brent маркалы мұнайдың орташа жылдық бағасының болжамын түзету қарастырылып отыр ма?

 

- Иә, ЖІӨ өсімінің 5% болжамы жобаның негізіне алынуы мүмкін. Ол мұнайдың бұрынғы бағасына ($65/барр) негізделген. Ол әзірге бекітілген жоқ. Бұл – біз қарауға ұсынып отырған біздің ішкі бағалауымыз.

 

Нақтыланған бюджетте ЖІӨ-ден басқа қандай макроэкономикалық көрсеткіштер түзетілуі мүмкін?

 

- Негізгі көрсеткіш – ЖІӨ өсімінің қарқыны. Инфляция мен басқа көрсеткіштер қайта қаралмайды және бұрынғы деңгейде қалады.

 

- Неге экономикалық даму министрлігі 2011 жылы ЖІӨ өсімін 3-4%, 2010 жылы 5% деңгейінде болжап отыр?

 

- Біз әрқашан консервативті бағаларды аламыз, өйткені бюджетті осы болжамдарды негізге ала отырып жоспарлаймыз. Осыған байланысты бұл жағдайда бюджетті, мемлекеттің шығыстары мен кірістерін орынды жоспарлау үшін болжам жасауда ұстамды болу керек.

Бұған қоса, біз бұл мәселені жаңа ғана талқыладық, әлемдік экономикада бәрі жақсы болады, ол өсім траекториясына шықты деп айту қиын дедік. Өткен аптада мұнай бағасы $7 секіріп тұрды - $80 болды, $72-73-ке дейін түсіп кетті, қазір тағы да, $74-75. Мұндай құбылмалылық кезінде оптимистік болжам жасау қиын. Сондықтан да біз ұстамды нұсқаны негізге алып отырмыз, бұл 2010 жылдың қорытындысы бойынша нақты конъюктура қандай болатынын, 2011-2012 жылдары не істеу керектігін байқап көру үшін қажет.

Қазір мұндай тәжірибе барлық жерде қолданылады. Бүкіл елдерге бағалауда сақтық танытқан жөн. АҚШ-ты мысалға келтірейін. Олар ІІІ тоқсанда ЖІӨ өсімі 2,4% аса болады деп болжаған. Қазір оны 1,2%-ға дейін төмендетіп, қайта қарауға мәжбүр. Біз алдағы жылдарға болжам жасауға сақтықпен қарап отырмыз.

 

- ЭДСМ бүгін Қазақстан экономикасының 2011-2015 жылдардағы дамуының пессимистік және оптимистік сценарийлерін жария етті, олар тиісінше мұнай бағасы баррелі үшін $35 және $80 болғандағы жағдайға негізделген. Осы және басқа жағдайда ЖІӨ-нің қандай өсімі болжанып отыр?

 

- Біз үнемі оптимистік және пессимистік сценарий жасаймыз. 2011 жылға оптимистік сценарийде ЖІӨ өсімінің болжамы 4%, пессимистік сценарийде 1-1,5%-ға дейін баяулау көрсетілген.

2008-2009 жылдары мұнай бағасы күрт төмендегенде, біздің экономика бәрібір де оң өсім көрсетті: 2008 жылдың қорытындысы бойынша 3,5%, 2009 жылдың қорытындысы бойынша 1,1% болды. Яғни экономиканың беріктік қоры бар екені сөзсіз.

 

- Қазақстанның ІЖӨ өсуіне іске асырылып жатқан үдемелі индустриалық-инновациялық даму бағдарламасы (ҮИИДБ) алдағы жылдары қандай үлес қосады?

 

- Бағдарламаның өзінде біз 2015-ші жылға қарай ІЖӨ-ді 2008-ші жылмен салыстырғанда 50%-ға артыруымыз керектігі нақты көрсетілген.

 

- ІЖӨ-нің өсуіне ҮИИДБ үлесі 2011-ші жылы қандай болмақшы?

 

- Бұл бағдарлама бойынша 2010-шы жылдың I-ші жартыжылдығында 72 жоба іске қосылады. Бұл белгілі бір өсім береді. II-ші жартыжылдықта 70 –ке жуық жоба іске қосылмақшы.

 

- Бұл бағдарламадан ІЖӨ-өскені жайлы біз алғашқы нәтижелерді қашан ала бастаймыз?

 

- 2011-шы жылы.

 

- Оның мөлшері қандай болады?

 

- Дәл айта алмаймын. 2011-2012-ші жылдары атаулы көрсеткіште біз Т1 трлн аламыз.

 

- Қазақстан экономикасының даму преспективасына қатысты үміт етіп отырғандарымыз тым әсірелеу болуы мүмкін деген пікір бар. Сіз орташа мерзімге жағдайдың дамуын қалайша елестете аласыз?

 

- 2010-шы жыл экономикалық тұрғыда табысты болады деп айтуға толық негіз бар. Бізде кем дегенде ІЖӨ-нің 5%-дық өсімін қамтамасыз ете аламыз деген сенім бар. Келесі жыл көп жағдайда әлем экономикасының динамикасын анықтайды. Біздің экспорттық нарығымыз, капиталдың келуі тұрғысынан біз үшін ең маңыздысы АҚШ, Еуроодақ, Қытай экономикаларында не болатындығы.

Біз Кедендік одақ (КО) пен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында белгілі қор құрып та жатырмыз. Егер КО жұмысын бастаса, ол біздің экономиканың тұрақтылығына оң әсер етіп, бізде үлкен ішкі нарық пайда болады. Ұзақ мерзімдік кезеңге бұл тұрақтылықтың үлкен факторы.

2011-ші жылға біз айтарлықтай сілкіністерді көріп тұрған жоқпыз. Бұл жерде, әрине, көп нәрсе алып мемлекеттер, әсіресе Еуроодақ елдері бюджеттерінің тапшылығын, мемлекеттік қарыздарының өсуін қаншалықты бақылап отыра алатындығына байланысты және ол шаралар олардың экономикаларының рецессияға кетпеуіне және тұрақты болып қалуы немесе оң өсуі үшін жеткілікті ма екеніне байланысты.

 

ҚазТАГ анықтамасы: 2010-шы жылғы республикалық бюджеттің параметрлері көктемде түзетілген. Үкімет базалық сценариде қарастырылған бірқатар макроэкономикалық болжамдарды қайта қарады. Мысалы, Brent маркалы мұнайдың орташа жылдық бағасы бөшкесіне $50 емес, $65 деп алынды. ІЖӨ нақты өсімі - 2,4%-тің орнына 2% деп алынды. Инфляция дәлізіне қатысты болжам да 7,5-8%-дың орнына 6-8% деп түзетілді.

 

 


adimage