Қуанышбек Есекеев: ІРО үшін Лондонға барамыз, ал Tele2 туралы ойланудамыз...

Астана. 18 маусым. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. LTE даму мүмкіндігінің арқасында «Қазақтелеком» АҚ дамуға күшті серпін алып отыр. Компания қайда барады және өз дамуында қандай жоспарлар қойып отыр? ҚазТАГ-тың осы және басқа да сауалдарына компания басқармасының бастығы Қуанышбек Есекеев жауап берді. 

 - Қазақтелеком Лондон биржасына ІРО-ға шығуды жоспарлап отыр ма? 

 - Иә, біздің қалауымыз (ІРО өткізуге деген – ҚазТАГ) бар, яғни біз консультанттармен листингіге қатысты үлгіні пысықтадық, бірақ ол мерзімдерге байланысты – қазір нарықтар біздің компанияларымызға дайын емес. Әрине, онда саясат та рөл атқаратыны түсінікті, бірақ терезе жақсы ашылса, біз қазір компанияның ІРО-сының мүмкіндігі туралы «Самұрық-Қазына» қорына ұсыныспен шықтық. 

 - Дәл сол Лондонда ма? 

 - Иә, Лондонда өте ыңғайлы биржа. 

 - Ал қандай да бір мерзімдер, уақыт жағынан қойылған межелер бар ма? 

 - Бізде қазірге ондай межелер жоқ. Ол бізге байланысты емес, ол терезе бар жердегі инвесторға байланысты. Егер терезе сәтті болса, біз соған түсуге тырысамыз. Егер терезе сәтсіз болса, әрекеттенудің керегі қаншама? Онда баға да төмен болады. 

 - Яғни Қазақтелеком бойынша Лондондағы акциялар бағасына қарап шамалаймыз ғой? 

 - Иә, баға бірдей болады. Арбитраж болмауы үшін – Лондон мен осындағы баға 0,01% дәлдікпен сәйкес келуі тиісті. 

 - Бұл мәселе бойынша директорлар кеңесінің шешімі бар ма? 

 - Директорлар кеңесінің (Қазақтелекомның – ҚазТАГ) шешімі әлі жоқ. Біз ұсыныспен шықтық, бірақ әлі корпоративтік шешім қабылданған жоқ. 

 - Ал сіздер оны қашан жасауды ұсынасыздар? 

 - Оны әзірге айта алмаймын, ол экономикаға байланысты. Мысалы, ресейлік компаниялар былтыр соңғы рет шықты, және бұл жердегі ең маңыздысы – инвесторлар мүддесі. Мысалы, осында да әрекет етуге болады. Егер Астанада қаржылық орталық ашылатын болса, осында листингі істеп көруге болады, егер тиісті заң қабылданса – инвесторларға бәрібір, Лондонда сатып алу ма, немесе осында ма? Ол да жақсы жол. 

 - Әңгіме қандай пакет туралы болып отыр? 

 - Пакетке ең төменгі талап - 20%-дан асады. Өйтпеген жағдайда инвестор келмейді. 

 - Қазір «Самұрық-Қазына» қорында акциялардың 52%-ы ғой? Олар жаңа акциялар шығара ма әлде... 

 - Жоқ-жоқ, ол қазір қарастырылуда. Әзірге процедура түсініксіз. Ол терең мәселе. 

 - Бірақ артықшылықтағы акциялар бойынша дивиденттерді бірінші кезекте төлеу жүйесі сақтала ма? 

 - Иә-иә. Олар бойынша бірінші кезекте төленеді. Біз компанияда дивиденттерді әр кез төлеп отырамыз. Біз соңғы 5 жылда компания құнының 90%-ын өзіміздің дивиденттерімізден төледік, яғни ол Kcell сатылуынан да Біз ешқандай бағдарламаға бөліп-жырмадық, біз акционерлерге пайда тапсын дедік. Былтырдың арғы жылы да сондай болған, бізде экстра-дивиденттер болды – біз акционерлерімізге ақша табуға жағдай жасадық. Келешекте де, егер бізде ақша болатын болса, біз өзіміздің акционерлерге пайда табуға жұмсаймыз. Компанияда ақша ұстап отырғаннан не пайда? Біз нарықтық компаниямыз, керісінше, акциялардың биржалық бағасы маңызды – ол біздің жұмысымыздың тиімділігінің көрсеткіші. 

 - Бірінші тоқсанда компания 2014 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда табыстың үлкен өсімі туралы есеп берген болатын. Бұл немен байланысты? 

- Біріншіден, «Алтел» өзінің жақсы нәтижесін көрсетті. Екіншісі – өткен жылда біз девальвациядан кейін және былтырдың тиісті тоқсанымен салыстыру қиын екені түсінікті, өйткені онда валюаталық тәуекелдер де, бәрі-бәрі пайда болды және біздің бүкіл табысымызды жеп қойды, компания өткен жылы аздап отырып қалды. Бірақ биыл біз шамалап бой түзеп алдық, долларлық қарыздарымызды қайтардық, борышты теңгеге ауыстырдық және ендігі көрсеткіштер жақсырақ кетті. 

- «Алтел» бойынша нарық үлесі жөнінен қандай болжам бар? 

- Біз қазір GSM-нің 7%-ын алып отырмыз және ұялы ғаламтордың шамамен 30%-ында өзімізді сенімді сезініп отырмыз, яғни, егер алатын болсақ, әрбір үшінші қазақстандық азды-көпті «Алтелді» пайдаланады. 

 - Ал қандай жоспарлар бар? 

 - Ұялы үлесті 60%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз, ал GSM бойынша дауыс трафигі ендігі ешкімге қызық емес. Skype, Viber және сол алмастырулардың бәрі жүреді, және онда біз, сірә, 12-13% болатын шығармыз – жоғарырақ секіру ендігі ауыр соғады. 

 - Сіздерде LTE бойынша ең көрсеқызар клиенттер қымбат гаджеттермен... 

- Иә, қымбат гаджеттердің бәрі деректерді табыстауға шақталған – біз онда күштіміз. Біз мүлде басқа идеяға шықтық қой – барлық стандартты операторлар дауыс идеясынан шықты, ал біз деректерді табыстау идеясынан шықтық, дұрысында, Мәскеуде Yota қалай істесе, біз де сондай идеямен кірдік. 

 - Сіздер сол 60%-ға қашан жетуді жоспарлап отырсыздар? 

- 2-3 жылда біз 60%-ды бүркейміз деп ойлаймын. Бізде енді бүркеу жағы да проблема. Физиканы алдай алмайсың, біз жылына 10 мың базалық станса тұрғыза алмаймыз. Біз жылына 1,5 мың тұрғызамыз және екі жылда, біз санап шыққандай, оны қолдана алатын ықтимал халық саны ол – 60%. 

 - Ол құрылғылар арзандайтын бола ма? 

- Қазір жаңа смартфондарға қарағанда, ол құрылғыларға қызығушылық аз. WhatsApp дауыс беруді бастады, мысалы. Егер sms-ті алатын болсақ, онда ендігі ештеңе жоқ – бәрі WhatsApp-та отырады. Sms трафигінің 70%-ы WhatsApp-қа кетті. Мұнда біз көшбасшымыз деп ойлаймын. Біз инновациялық стратегия жасадық, тұтынушыны арзан дауыспен қызықтырмау үшін, біз дауысқа ұтыс жасамаймыз. Біз одан да жақсы интернетпен қызықтырамыз. 

- 2015 жылдың қорытындысы бойынша таза табыс болжамы қаншалықты? 

- Таза табыс бойынша біз шамамен 17-18 млрд теңге деңгейіндегі көрсеткішті орындаймыз, ал кірістілік бойынша – жылына шамамен 232 млрд теңге. Біз қазір нарықтағы үлесімізді ұлғайттық. Бұрын біз 1,5%-ға өскенбіз. Бәрі нарықтағы үлесті ұстауға жүреді – біз нарықтағы үлесті ұлғайтуға жүреміз. Телекоммуникация нарығындағы 34%-ды ұстайтын боламыз. 

- Қандай да бір сатып алулар жоспарлануда ма? 

- Бізде әртүрлі пікірлер бар, бірақ әзірге біз ұсыныс экономикасына қарап отырмыз. Біз дау-дамайларға кірудеміз. Сіздер, бәлкім, естіген шығарсыздар, Tele2-мен келіссөздер жүргізілді. Бізге тиімді бола қалған кезде-ақ біз оны алатын боламыз. 

 - Бірақ Tele2 әзірше шығынды. Оның тек нарық үлесі бар... 

- Ол шығынды. Нарық үлесінің артынан да жүгіру керек. Не дегенмен де 3 млн абонентті алып, оларды 4G- көшіру дегеніміз ол – үлкен бизнес. 

- Сіздерде тарихта 2 млн абоненті бар Neo болды ғой... 

- Оның 1,5 млн абоненті болды, бірақ қазір біз жақсы бүркенісі бар бес миллиондық базаны аламыз, егер Tele2-ні алсақ. Tele2-мен ауыр келіссөздер болды. 

- Олар әлі жүріп жатыр ма? 

 - Олар үздіксіз қайта оралып жатады, тоқтаусыз басталады. 

- Ал реттеуші бұған қалай қарайды? Ол принципті түрде келісім мүмкіндігіне қарсы емес пе? 

- Біз реттеушіге дейін бара қоймадық. Біз әзірше бизнесті талқылаудамыз – реттеушіге бара жатармыз. Бірақ, бір жағынан, нарықтар да бұл заттарға жөнді қарайды. Екі дискаунтердің болуы мүмкін емес. Біз бір-біріміздің рентабельдігімізді құртып жатырмыз ғой. 

 - Яғни сіздер сатып алуға қызығушылықты сақтап отырсыздар ғой? 

- Біз қызығушылықты сақтап отырмыз, иә. 

 - Яғни бәрі бағаға тәуелді ме? 

- Бәрі бағаға тәуелді, бизнеске тәуелді. Баспасөзде біздің келісімге келмегенімізді жазып жатты, бірақ бұл бизнес. Кімге тиімді, сол солай әрекет етеді. 

- Әлденендей мерзімдер бар ма? 

- Жоқ. Мен жай ғана қыркүйекті атай салып, ал кейін тиімсіз келісімді жасай алмаймын ғой. 

 - Сұхбатыңыз үшін рақмет!

adimage