Әуежайлардағы адам ағзасының ыстығын өлшегіштер Эбола безгегімен ауратындарды инкубациялық кезеңде анықтай алмайды – сарапшы

Күні: 16:47, 05-11-2014.

Алматы. 5 қараша. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Әуежайлардағы адам ағзасының ыстығын өлшегіштер Эбола безгегімен ауратындарды инкубациялық кезеңде анықтай алмайды, деп мәлімдеді санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторингі ғылыми-практикалық орталықтың (СЭСжМ ҒПО) директор орынбасары Әлім Айқымбаев.
«Әуежайлар жеткілікті жақсы жабдықталған, ыстығы жоғары жолаушыларға скринингі жасалуда, ал егер науқас инкубациялық кезеңде жүрсе, бұл шаралардан көмек жоқ. Сондықтан біз ондай науқасты анықтауға дайын болуымыз керек», - деді Ә. Айқымбаев сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.
Бұл ретте ол, науқасты анықтаудың ең басты шарасы науқастың қайдан келгені, қалай ауырғаны т.б. туралы мәліметтерді жинаудан басталуы керек дейді.
«Егер науқас дәрігерге жүгінсе одан эпидемиологиялық анамнез жиналады, ол біздің тұрғын ба, соңғы кезде ешқандай шет елге бармады ма, немесе шет елден келгенмен қарым-қатынаста болды ма?, т.б. анықталуы керек. Егер  ол ана шетелдерде болса, немесе сол елдерде болғандармен қатынаста болса, онда ондай жағдайда мұқият сақтық таныту керек», - деді Ә. Айқымбаев.
Оның айтуынша, инкубациялық кезеңде вирус тасымалдаушы науқас айналасындағыларға қауіпті емес.
«Айналасындағылардың вирусты жұқтыру қаупі науқастың алғашқы белгілері көріне бастағанда туындайды. Сондықтан науқастың алғашқы белгілері пайда болуы мен дәрігерге жүгінуінің арасындағы кеткен уақытқа қарау керек. Науқаспен қатынаста болғандардың бәрін сұрау керек, бәлкім, біреулерді біз тасада қалдырып қойған шығармыз. Осы тексерулерді толық жүргізуден - шаралардың тиімділігі келіп шығады», - деді Ә. Айқымбаев.
Ә. Айқымбаевтың айтуынша, науқастармен қатынаста болған адамдардың саны науқас тұратын жердегі халық тығыздығына, оның жұмысқа шыққан-шықпағанына, қоғамдық көлікпен қаншалықты жүргеніне байланысты.
Бұл ретте, Ә. Айқымбаевтың айтуынша, Эбола безгегіне қарсы бұдан он жыл бұрын жасалған вакцина, ол кеселдің қазіргідей қарқын алып тұрған кезеңде, тиімсіз болып қалуы мүмкін.


Жаңалықтармен бөлісу: