Алматы. 12 тамыз. ҚазТАГ - Ерлан Әукеновті Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босату туралы процедуралық мәселелер әлі де шешімін табуда. Бұл туралы дүйсенбіде қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің таратқан хабарында айтылғандай, БАҚ-тағы хабарламаларға қатысты нақтылы түсінік берсек, расында да бүгін қала әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов мегаполис әкіміне өзін қызметінен босату туралы өтініш берген болатын. Қазіргі кезде процедуралық мәселелердің шешіліп жатқанын хабарлаймыз.
Е. Әукенов қала әкімінің орынбасары лауазымында екі рет болды – 2015-2017 жылдары және 2018 жылдың қыркүйегінен бастап.
Еске сала кетейік, Ерлан Аукенов 2015 жылдың тамызында Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, ал 2 жылдан кейін Лондон қаласындағы экономика және саясаттану мектебінің магистратурасында «Қаланы дамыту» бағдарламасы бойынша шетелде машықтануға байланысты қызметінен уақытша кетті. 2018 жылдың тамызында ол Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметіне қайта оралды.
Қатысты сілтемелер
-
Биыл жазда Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр28 Наурыз 2024, 11:26