Украина бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында 9 мемлекеттегі, оның ішінде Қазақстандағы да консулдықтарын жабады

Күні: 09:58, 06-11-2014.

Алматы. 6 қараша. ҚазТАГ – Украина сыртқы істер министрлігі әлемнің әр еліндегі консулдық қызметтің жойылатындығын мәлімдеді, деп хабарлады «Унiан» ақпараттық агенттігі.
«Бұл бюджет қаражатын үнемдеу саясатының бір бөлігі», - деп түсіндірді консулдықтардың жабылуын сыртқы істер министрлігінің спикері Евгений Перебыйнис.
Оның айтуынша, қарашаның басынан бастап жабылып жатқан дипмекелелер азаматтарды қабылдауды тоқтатты. Қазір оларда жұмысын аяқтау процедуралары жүріп жатыр.
Жабылатын консулдықтар тізімінде келесі елді мекендердегі бас консулдықтар бар:  Сучав (Румыния), Прешов (Словакия), консулдықтар - Варнадағы (Болгария) және Марсельдегі (Франция). Одан басқа консулдық агенттіктер - Батуми (Грузия), бас консулдықтар - Нижний Новгород (Россия), Алматы (Қазақстан), консулдықтар - Хайфи (Израиль), Куритиби (Бразилия) бар.
«Жабылатын консулдықтар таңдалғанда әртүрлі факторлар ескерілді, оның ішінде – күнде жасалатын консулдық операциялар көлемі, басқа консулдық мекемелердің жақындығы, консулдық есептегі азаматтар саны ескерілді. Ал  Сучавы мен Пряшевке қатысты айтсақ, олар тікелей Украина шекарасына жақындығы ескерілді», - деді Е.Перебыйнис.


Жаңалықтармен бөлісу: