Украина ұлттық экзит полы Жоғары Рада сайлауында жеңісті Зеленскийдің партиясына берді

Күні: 10:59, 22-07-2019.

Алматы. 22 шілде. ҚазТАГ – Украина ұлттық экзит полы Жоғары Рада сайлауында жеңісті ел президенті Владимир Зеленскийдің «Слуга народа» партиясына берді, деп хабарлады «Униан».
«Слуга народа» партиясына сайлаушылардың 44,2%-ы дауыс берді, «Оппозиционная платформа – За жизнь» партиясына – 11,4%, «Европейская солидарность» партиясына– 8,8%, «Батькивщина» партиясына – 7,4%, «Голос» партиясына сайлаушылардың 6,5%-ы дауыс берді», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Бұл партиялардың барлығы, алдын-ала ақпар бойынша, Украина парламентінде мандат алу үшін қажетті дауыс санын жинаған.
«Басқа партиялар 5% болатын шекті дауыстан төмен жинады. Атап айтсақ, «Сила и честь» партиясы - 4,3%, «Оппозиционный блок» – 3,3%, «Партию Шария» – 3,1%, Олег Ляшконың Радикалды партиясы – 2,8%, «Украинская стратегия Гройсмана» партиясы – 2,2%, ВО «Свобода» партиясы – 2,1% дауыс жинады. Экзит полдың ақпарына сәйкес басқа үміткерлер 2%-дан кем дауыс жинаған», - делінген хабарда.
Украина Жоғары Рада сайлауы 21 шілдеде өтті.


Жаңалықтармен бөлісу: