Украиналық маман Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі болды

   Астана.1 ақпан.ҚазТАГ- Дүниежүзілік банк Қазақстандағы жаңа тұрақты өкіл болып Украиналық маман Андрей Михневтің тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
   «Андрей Михнев 2023 жылдын 1 ақпанынан бастап Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі. Михнев мырза, Қазақстан үкіметімен, мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғаммен, жеке сектормен және басқа серіктестермен саяси диалог жүргізеді, сондай-ақ Астанада орналасқан Дүниежүзілік банктің ел командасын басқарады»,- делінген хабарламада.
   Михневтің экономикалық саясатты жүзеге асыру және жобаларды басқару саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар.
   «Ол бұған дейін Дүниежүзілік банктің Моңғолиядағы өкілдігін басқарған. Бұған дейін Михнев Таяу Шығыс пен Парсы шығанағы елдеріндегі бағдарламаларды басқарды. Ол сондай-ақ Латын Америкасы, Сахарадан оңтүстікке қарайтын Африка, Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка, Еуропа мен Орталық Азияның көптеген елдерінде экономикалық реформаларды ілгерілетуде үлкен тәжірибесі бар»,- делінген ақпаратта.

adimage