Украиналық шиеленіс тараптары Минск хаттамасындағы шарттарды орындауға қайта оралуы керек – ГФР СІМ

Күні: 15:16, 10-11-2014.

Астана. 10 қараша. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Украиналық шиеленіс тараптары Минск хаттамасындағы шарттарды орындауға қайта оралуы керек, деп есептейді ГФР сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер.
«Өкінішке қарай, жағдай қайтадан өршіп тұрғаны  айдан анық, және енді біз осы шиенеіске тартылған барлық тараптарды: украина сепаратистерін, сондай-ақ ресейлік тарапты, олар қайтадан Минскі хаттамасының негізіне оралуға шақыру керек деп ойлаймын», - деді дүйсенбі күні Ф. Штайнмайер брифингте.
Оның айтуынша, қазір ол тек газеттердегі жарияланымдар мен ақпараттық агенттіктердің хабарларына қарап ондағы жағдайды «күрделі» деп бағалап отыр екен. Ол бүгін кешкісін ЕО өкілімен сыртқы саясат мәселесі бойынша тиісті сұхбат жүргізбекші екенін мәлім етті.
Өз кезегінде ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдрысов Қазақстан мен Германия көптеген жаһандық және өңірлік шиеленістерде пікірлері жақын екенін мәлімдеді.  
«Жаһандық және халықаралық істер туралы айтсақ, сіздер Германияның ірі ойыншы екенін білесіздер, және біз Украина, Ауғанстан, Иран, Таяу Шығыстағы сиқяты жаһандық және өңірлік проблемалар туралы, Эболоға қатысты пікір алмастық, және ол проблемаларға қатысты біздің көзқарастарымыз өте жақын және ұқсас екенін атап өттік», - деді ол.
Еске салсақ, ГФР сыртқы істер министрі Ф. Штайнмайер Астанада ресми сапармен жүр.


Жаңалықтармен бөлісу: