Ульф ВОКУРКА, ҚДБ тәуелсіз директоры: АЛДАҒЫ ЖЫЛДАРЫ ҚДБ НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛІН 2-3 ЕСЕГЕ АРТТЫРУ КЕРЕК

Алматы. 13 желтоқсан. ҚазТАГ – Игорь Киндоп. Қазақстанның даму банкі (ҚДБ) 2020-шы жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыруда. Банк салыстырмалы түрде шағын институттан, арзан әрі сапалы қарыздық қаржыландыру провайдеріне айналуды жоспарлап отыр. Қазір оның алдында банктің ағымдағы портфелін қайта құрылымдау міндеті тұр. Одан басқа, банк жақында $500 млн-ға еурооблигациялар шығарды. Ол мақсаттарды қаншалықты іске асыруға болатындығы туралы Дойче банктің Қазақстандағы өкілі, ҚДБ-ның тәуелсіз директоры Ульф Вокурка айтып берді.

 

 - Даму институттары Қазақстанда қандай роль атқарады?

 

- Қазақстандағы даму институттары Қазақстанның жеке және мемлекеттік секторындағы да экономиканың дамуына септігін тигізуге арналған. Олардың әрқайсының өздерінің міндеттері бөлек. Егер ҚДБ туралы айтатын болсақ, ол ең алдымен инвестициялық жобаларға қарыз ақша беруге арналған. Ол кеңею немесе жаңа салаға бет бұрғысы келген жеке кәсіпкерлер бастамасымен, немесе үкімет бастамасымен қандай да мемлекеттік бағдарламаларда, саяси себептермен т.б. жолдармен іске асырыла алады.

«Ұлттық компаниялар Даму банкінің клиенттерінің арасындағы маңызды топ болып табылады. Тіпті өздері де капиталдың халықаралық нарығына шыға алатын «ҚазМұнайГаз» немесе  «Қазақстан темір жолы» сынды «менменсінген» компаниялар да ҚДБ берген қарыз қаржыны пайдаланады. 

Дамудың басқа институты - Kazyna Capital Management (КСМ). Ол несие бермейді, бірақ «еншілес» қорлары арқылы «жарғысына» қор құяды. ҚДБ мен КСМ ынтымақтасуы тиіс. Бірақ КСМ мұны жана түрде іске асыра алады. Себебі оған «қорлардың қоры» ретінде инвестициялық жобаларға қаражатты тек қана жобаларды іске асыру үшін арнайы құрылған еншілес, немесе ықпалындағы қорлар арқылы беруіне болады. КСМ айталық, Kazakhstan Growth Fund-қа қатыссын, ал ол өз кезегінде жобалық компания мекемесіне үлеспен ене алады. Дегенмен ҚДБ мен КСМ даму институттарының жиынтығы кәсіпкерге қалай көмек көрсете алатындығының жақсы мысалы. Мен мұны жақсы ойластырылған деп отырмын.

ҚДБ-ның құрылу тарихын еске алсақ қызық. Мен Қазақстанда 90-шы жылдары жұмыс істегенмін. Ол кезде алғашқы Қазақстан даму банкі жұмыс істейтін. Бұл, былайша айтқанда, «сіздің ғасырыңызға дейін» (күлді). Кейін ол Қазақстанның Эксимбанкімен, ол жекешеленбей тұрғанда, бірікті. Бірақ бұрынғы ҚДБ-ның көптеген жобалары қайтарымсыз болды, және олар даму институты функциясын атқара алмады. Сөйтіп таратылды. Ондай шешім Ресейдегі 1998-ші жылғы дағдарыс әсерінен да қабылданды.

Кейін, үш жыл өткен соң, үкімет дамудың осындай институтының қажеттігін мойындады. Ол Қазақстанның басым саласында тез арада өндірісті қалпына келтіріп, кеңейтуге көмектесуі тиіс болатын. Қазақстан экономикасын дамытудағы ролінен басқа, ҚДБ-да халықаралық сауданы қаржыландыру функциясы да бар. Әрине, оны қазақстандық басқа банктер де жүргізе алады, бірақ олардың кейбірінің сыртқы қарыздарына қызмет көрсетуде проблемалар туындаған, және олар өздерінің міндеттерін қайта құрылымдауға тура келді. Тиісінше, шетелдік кредиторлар екінші деңгейдегі банктерге ірі мөлшердегі несиелерді беруден бас тартты.

Сондықтан 100 пайыз үкіметтің банкі болып табылатын ҚДБ-да шетелдік банктерден қарыз алу мүмкіндігі бар болды да, ол қаражатты өздерінің клиенттеріне экспорттық-импорттық операциялары үшін бере алатын еді.

 

 - ҚДБ қазақстандық импорттаушы-қарызгер мен ірі халықаралық банк арасындағы делдал бола ала ма?

 

 - Иә. Ақырғы қарыз алушы түптеп келгенде қазақстандық болады. Ол ҚДБ-дан кредит ала алады, ал ҚДБ, мысалы, ірі шетелдік банк - Дойче банктен алған кредитті экспорттық қаржыландыру түрінде қайта несиелендіреді. ҚДБ-ның мұндай функциясы заманауи технологиялар мен жабдықтар бойынша Қазақстан импортын ұзақ мерзімдік қаржыландыру саласында тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

 

 - Осы институттар жалпы керек пе, және оларды дамыту қажет пе? Неге Қазақстанда ҰДИ құрылады? Бұрын «нарықтың көрінбейтін қолына» және «еркін кәсіпкерлік» тұжырымдамасына сүйенетінбіз. Шынымен де дағдарыс осыншама өзгеріс енгізгені ма?

 

 - Иә, нарықтың қолы шынымен де көрінбейді (күлді). «Еркін кәсіпкерлік» дағдарысқа дейінгі басым көзқарас тұғын. Ал дағдарыс кезінде барлық мемлекеттер, оның ішінде Қазақстан да өздеріне тіпті басқа, үлкен рөл алды. Олар өздерінің қаржылық жүйесін, банктер мен сақтандыру компанияларын тұрақтандырды. АҚШ-та өте ірі bailout орын алғанын еске алыңыз. Ол кезде «AIG» сақтандыру компаниясы мен бірқатар ірі банктер құтқарылып қалды. Бұл «moral hazard» проблемасына соқтықпау үшін принципті түрде істеліп, ал «нарықтың көрінбес қолы» теориясының орындалуы үшін инвестициялық Lehman Brothers банкін жібере салды. Бұл шешім барлықтары үшін ол банкті құтқарғаннан да қымбатқа түскен шығар.

Жақында өткен рецессия кезінде кірісі аз және тиімділігі төмен, өткен он жылда қор жинай алмаған, мысалы, американдық «General Motors» немсе оның германиялық еншілес «Opel» компаниясы сынды компаниялар қаржы төлейтіндей қабылетінен айрылды. GM дағдарысқа дейінгі үш жылда бірнеше миллиардтық шығын көрген болатын. Барлық дерлік банктер GM-ді қаржыландырудан бас тартқан, не оның көлемін қысқартқан соң, оның айналысқа қаражаты табылмай қалды.

Теория жүзінде ондай компанияларды жауып, оларды ұмыту керек. «Ford» немесе «Volkswagen» компанияларына істің бұлайша өрбуі ұнаған болар еді, себебі GM олардың аса ірі бәсекелесі болып, дағдарысқа дейін әлемдегі Тойотадан кейінгі екінші өндіруші болатын. 

Мен де еркін кәсіпкерлікті, «көрінбейтін нарық қолын» және т.б. қолдаушымын. Кім ақылдырақ, кім шапшаңырақ, кім қабілетті болса, сол жеңіп шығады. Бірақ Қазақстанда басқаша. Осы онжылдықтың бірінші жартысында ел өркендеудің жоғары қарқынын көрсетті. Бірақ ол өсім қайда болды? Қызмет саласында, құрылыста және, әрине, табиғат ресурстарын өндіруде.

Шикізат тауарларына деген баға әлем конюктурасына қатты тәуелді. Болжанғандай-ақ, Қытай мұнайдың әр тамшысын сатып алудан бас тартқалы бері мұнай баррелінің бағасы шамамен $140 тарихи биіктен  $50 – дан төмен деңгейге құлдырады. Және бәрі де қатты қорқып қалды. Себебі біздің бәріміз де, былайша айтқанда, Альцгеймер кеселімен аурамыз (күледі) және сонау 1998-ші жылы мұнайдың баррелінің құны $15 тұрғанын ұмытып кеттік. Ал Қазақстандағы бір баррель мұнай өндірудің өзіндік құны $30-дан кем емес. Ал егер қазақстандық жаңа Қашаған мен Қарашығанақ кеніштерінің айтарлықтай қымбат екенін ескерсек, Қазақстандық өндірушілер үшін өз мұнайын $50-дан қымбатқа сатқан тиімді.

Егер адам басына шаққандағы ІЖӨ бойынша қарасақ, Қазақстан Балтық жағалауы елдері қатарында. Ол дегеніңіз, мұнда өмір сүру, айталық, «орташа». Ол дегеніңіз, әлі де инфрақұрылымдарды дамыту, автомобиль, темір жолдарын салу керек, үнемі жетпей жататын жылжымалы құрамды толықтыру керек деген сөз. Егер Ресей қытайлық вагондарды жібермейтін болса, онда өзімізде сондай вагон зауыттарын салуымыз керек.  

Егер макроэкономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, экспорт пен халықаралық саудадан қандай да үстеме ақы көріп отырмыз. Бірақ барлық инфрақұрылымды тез арада жаңартуға ол жеткіліксіз. Сондықтан Қазақстанда өзінің даму институттары арқылы жүргізетін инвестициялық және инновациялық ролі жоғары болуы тиіс. Бұл ретте кердиттік институттар тек қана мемлекеттік операторларды ғана емес, жекелерін де қаржыландыруы тиіс. Инфрақұрылымды дамыту үшін мемлекет белсенді араласуы тиіс, бірақ бұл даму институттары өз қаражатын тек ұлттық компанияларға біржақты түрде бермейді, себебі түптеп келгенде ұлттық компаниялар жеке компаниялармен бәсекелеседі.

 

 - Бірақ ұлттық компаниялар да жартылай жекешелендіріледі және түптеп келгенде жеке ойыншыларға айналады деген болжам айтылды ғой!

 

 - Қазақстанның ұлттық компаниялары үш салада бар. Онда жеке секторға қызық емес, немесе ол өте күрделі. «Самұрық-Қазынаның» ірі бес компаниясына қарап көрейікші.

ҚМГ – ол Қашаған, Қарашығанақ сынды ірі жобаларға қатыса алатын осы елдегі жалғыз кәсіпкер шығар. Бірақ жаман жұмыс істемейтін толып жатқан орташа және ұсақ мұнайшылар бар. Олардың кіріс нормалары жоғары. Неге? Себебі ҚМГ өзінің дәстүрі қалыптасқан ірі компания. Оларда бәрі де бірдей тиімді бола бермейді. Оның ішінде ірі инвестициялық жобалары да.

Мөлшері және кірісі жағынанҚазақстандағы екінші ірі ойыншы – «Қазақстан темір жолы». Бұл - біз үшін алдағы бес-он жылда жекешелендірілмейтін сала. Расын айтқанда, ҚазТемірТранс, ҚТЖ-ның жүк тасымалдаушы еншілесі, бәлкім жартылай жекешелендірілуі мүмкін дейді. Бірақ егер нарыққа оның бақылау пакеті тапсырылмаса, оған кім қызығады.

Ал оның ұсынылмай отырғандығы, мемлекет оған тиімсіз жерде де ҚазТемірТранс жұмыс істегенін қалайтындығында. Себебі кімде-кім осы тамаша елдің шалғайда жатқан барлық елді мекендеріне, зауыттарына қызмет көрсетуі тиіс қой. Оның жалғыз баламасы ірі компаниямен өзінің жеке темір жол желісін салуы болар еді. Бірақ оған бәрінің бірдей күші жетпейді. Менің біліуімше, тек қана ENRC өзінің темір жолын салды, бірақ ол өте қымбат болды.

Қазақстанның темір жол саласына үлкен қашықтықтар, рельстердің нашарлығы мен басқа да факторлардың бүтіндей кешені тән. Және қазір қандай да инвестор осы салаға келген болса, ол кем дегенде  Talgo-мен бәсекелесе алатын болуы тиіс. Ал Talgo 120-150 км/сағ жылдамдыққа дейін үдей алады, ал ол дегеніңіз онша көп емес қой! Бизнестің табыстылығы үшін жаңа жол салу керек және «Эйр Астанамен» табысты бәсекеге бару керек.  Оған кім барады? Оған салған қаржы қайтпайды – арақашықтық тым үлкен.

Келесі оператор KEGOC – электр желілерін басқару. Ол ұлттық компания болып қалуы тиіс, себебі стратегиялық маңызды міндетті шешуде. Бірақ инвесторларда жеке меншіктегі электр активтеріне деген қызығушылық бар. Ірі кеніштерде электр тұтыну тәулік бойына тербеліп тұрады – күндіз көп, түнде аз, ал электр станциялары тұрақты түрде қуат өндіріп тұрады. Өндірілген қуатты тұтынуды реттеу үшін қандай да бейтарап реттеуіш қажет. Ол алыс қашықтыққа тұрақты қуатпен және электр қуатының тұрақты бағасын сақтап тасымалдайды.

Төртінші компания – «Қазпошта». Мен біраз уақыт «Қазпоштамен» айналыстым. Ол логистикалық-тасымалдау бизнесінің маржаны, бірақ тек қана ірі қалалардағысы. Онда олар өздерінің логистикалық көлік қызметін, сондай-ақ жеке және корпоративтік клиенттеріне қарапайым қаржылық қызмет ұсына отырып жақсы ақша таба алады. Бірақ, «Қазпоштаның» клиенттерінің 40% халқы аз қоныстанған ауылды жерлерде орналасқан. Ал ол жақ шығынды. Демек бұл компания үшін қаладан түскен пайда мен ауылдан келген шығынды теңгеру мәселесі маңызды. Ешқандай инвестор бұл салаға толығымен, яғни бүкіл ел территориясында бармайды. Тіпті урбанизациясы өте жоғары Германияда да жеке меншік пошта операторлары тек қана ірі қалаларда шоғырланған. Онда май құю станциясындағы клерк тек бензин үшін ақы алмайды, сонымен қатар жеке меншік пошта операторларымен агенттік келісім аясында корреспонденцияларды – сәлемдемелер мен хаттарды, газеттерді де алады. Біз Қазақстанда ондайда жақын келешекте көрмейтін сияқтымыз. Басқа жағынан осындай агенттік қызметті, айталық, «ҚазМұнайГаз» бен «Қазпошта» арасында қалпына келтіру күрделі болмаған болар еді. Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен пошталарда кезек азайған болар еді.

Соңғы компания - «Самұрық-Энерго». Олар бәсекелестік ортада жұмыс атқарады. Оларды монополист болатын мүмкіндіктері жоқ. Және бұл өте тамаша. Бірақ оларда ірі инвестициялық жобалары, мысалы, Балқаш ЖЭС, Мойнақ ГЭС, немесе Шардара ГЭС сынды ірі жобалары бар. Олар онда да белменді мемлекеттік инвестор ретінде маңызды рөл атқарады. Олар қосымша қуат өндіру активтерін салып жатыр. Оларда дағдарысқа дейінгі электр тұтыну болжамдары болған. Менің есімде, сол кезде олар 2013-ші жылы үздіксіз электрқуатымен қамтамасыз ету үлкен проблема болатындығы туралы көп айтқан. Бірақ мамандандырылған «Самұрық-Энерго» мемлекеттік активтері арқылы мемлекет дер кезінде жаңа электр стансаларының құрылысын жүргізді. Ол ұзақ мерзімдік макроэкономикалық жоспарлаудың нәтижесінде болды. Жеке инвестор, өз кезегінде, тек қана қысқа мерзімге тиімді болса ғана құрылысты бастар еді.

Қорытындысында, барлық ұлттық компанияларға кірісі мен әлеуметтік міндеттері арасында теңгермелікті сақтауына тура келеді. Нәтижесінде оларда инвестицияның тек екі негізгі көзі бар – бюджеттік бағдарламалар мен даму институттарынан қаржыландыру.

Бүгінгі Қазақстанға даму институттары қажет. Бірақ олар жеке меншік секторын да қаржыландыруы тиіс. Бұл мемлекеттік сектор компанияларын қаржыландыру үшін олардың түбегейлі шарты. Бұл ретте жеке жобаларға олар өздерінің қаржысын мемлекеттік секторға беретін шарттардан нашар емес түрде беруі тиіс.

Сондықтан мен ағымдағы жылдың алғашқы жартысында ҚДБ директорлар кеңесінің құрамына Азат Перуашев кіргеніне өте риза болдым. Сіз оның «Атамекен» Одағын» басқаратынын білетін шығарсыз. Сіз оның ҚДБ жеке клиенттерінің мүдделерін әр кез қырағылықпен қорғайтынына сеніңіз. Мысалы, банк уақытша қиындыққа тап болған қарызгерге оның қарызын қайта құрылымдауды ұсынса, Перуашев мырза жеке қарызгердің мүддесінің бұзылмауын, ал қайта құрылымдау қысқа мерзімде және әділ шарттармен жүргізілуін мұқият түрде қадағалайды.

 

 - Жалпы айтқанда ҚДБ қандай жобалармен айналысады?

 

 - ҚДБ-да өз белсенділігін танытатын шамамен он сала бар. Оларды тиісті құжаттардан табуға болады. Ең бастысы - олар өндіру секторы (upstream) мен шикізат секторынан болмауы тиіс. ҚДБ өзінің жарғысына сай, шикізат өндірісін қаржыландыра аламайды. Бірақ ол көлік пен инфрақұрылымды (middlestream) және шикізатты өңдеуді (downstream) қаржыландыра алады. Олар онымен белсенді айналысып та жүр. Мысалы, жыл басында банк Атырау МӨЗ-де тағы бір кешен құрылысына ірі кердит берді.  

Басқа ірі жобалар мен несиелер Алматы мен Астанадағы 2011-ші жылғы Азиадаға дайындықпен байланысты, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу мен тоқыма өнеркісібіне байланысты болды.

ҚДБ-ның несиелік портфелі – еліміздің ұлттық экономикасының шикізаттық емес бөлігінің айнасы деуге келеді.

 

 - Дегенмен, ҚДБ-ның қарызгерлерінің үш негізгі саласы, ол – металлургия, металл және минералдық ресурстарды өндіру, мұнайгаз және ауыл шаруашылығы...

 

- Ауыл шаруашылығы дегеніміздің өзі - өңдеу деген сөз. Металлургияда сіз Қарағандыдағы «Silicium Kazakhstan» компаниясының балқыту зауытын айтып тұрсыз ба? Мен ондай жобаларды өндіруші өнеркәсіптің (upstream) бір бөлігі ретінде қарастыру керек деп ойламаймын.

ҚМГ бастаған бір топ компания жыл басында АМӨЗ-дегі ароматикалық кешенді салуға $1 млрд несие алғанда ҚДБ-ның ірі қарызгерлеріне айналды. Бірақ ол өңдеу ғой! Ол мұнайды немесе газды өндіру емес. ҚДБ несиесі ҚМГ-ға көмірсутектерін өңдеуде тағы бір заманауи технологияны игеруге мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде тағыда қосымша көмірсутектерінің деривативтері түріндегі тауарлар тобын игеруге мүмкіндік тудырады.

Тура солай mining&metalsсаласында да. Онда ірі несие «Silicium Kazakhstan» компаниясына берілген. Бір ай бұрын зауыт салтанатты түрде кремнидің алғашқы қорытпасын берді. Бұл жоба $80 млн ҚДБ несиесінсіз іске аспаған болар еді. Себебі алғашқы несие бөлген коммерциялық банк қосымша қаржыландырудан бас тартуына мәжбүр болды. Қазір банк қарызгердің қарызын қайтарудың қандай да тиімді жолдарын қарастыруда.

 

 - Неге?

 

- Болжам дәл болмай шықты, және қарызгердің қарызды қайтару мүмкіндігі алғашқыда болжанғаннан аздау болып шықты. Бірақ жоба жақсы жоба ғой. Сондықтан осы қарызды қайта құрылымдау тиімді. Оған бірнеше жағдайлар септігін тигізіп отыр.

Біріншіден, зауытты іске қосу бір жылдан аса кешікті. Екіншіден, құрылысқа кеткен шығынның жартысынан астамы – импорттық жабдықтар. Ал ол негізінен германиялық Euler Hermes агенттігінің жабуы арқылы Қазақстандық банктерге берілген экспорттық несиелер арқылы қаржыландырылды.  Экспорттық несиелер арқылы өтеу кестесі, әдетте қайта қаралмайды, сондықтан «Silicium Kazakhstan» компаниясы оларды қайта құрылымдауына тура келді.

Жақсы жобаларға берілген қарыздарды қайта құрылымдау – бұл қазіргі кезде ҚДБ үшін маңызды міндеттердің бірі. Коммерциялық банктер қайта берілген кредиттердің көлемдерін айтарлықтай қысқартты, және біз бірқатар ірі несиелерді ҚДБ-ға тапсырылуын байқадық.

Былтыр, коммерциялық банктер өздерінің тәуекелдерін төмендеткісі келгенде, ҚДБ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ ұсынысымен бірқатар ірі қарыздарды сатып алып, оны қосымша қаржыландыру және қайта құрылымдау үшін өзінің балансына алған болатын.

Ал биылғы жылдың ортасында ҚДБ арнайы бөлімшені құрды. Олар дефолтқа жол бермеу үшін осындай жобалар мен қарызгерлерді қадағалап отырады.

Бір қызығы, ҚДБ қарызгерлерінде дағдарыстық қиындықтар екінші деңгейдегі банктерден қарыздары барларға қарағанда кеш басталды. Бұл ҚДБ-да несиені беру мен оны өтеу мерзімінің арасында жеңілдетілген мерзімнің бар болуымен түсіндіріледі. Ол мерзім жобаны салу мерзімін, плюс тағыда жоба қуатындағы деңгейге шыққанша дейінгі мерзім қосылып, ол қарызгердің қарызын өтеуін жеңілдетіді. Жоба аяқталған соң, пайда түсе бастағанда осы пайданың бір бөлігі қарызды өтеуге жіберіледі.

Егер пайда кешіксе, немесе жоспарланғанан аз болса, ҚДБ алдында қарызгердің дефолтына жол бермеу үшін қарызды қайта құрылымдау міндеті тұрады. Бұл банктің дәл қазір айналысып жатқаны.

 

 - Ал қайта құрылымдаудың қандай тетіктері ұсынылып отыр?

 

- Мен бұрын атап өткендей, осы жылдың ортасынан ҚДБ арнайы бөлімше құрды. Олар жобаны, қарызгерді, кепіл мүлік пен заңгерлік қырын талдайды. Одан соң олар қайта құрылымдау туралы ұсынысты әзірлейді, оның ішінде қарызгерге капиталдануды арттыруды да ұсынады. Әдетте қарызгерде жоба капиталын күшейтерлік қандай да акционерлері болады. Одан басқа қарыз мерзімін ұзарту немесе арзандатуға айырбас ретінде кепіл мүлікті күшейту де мүмкін. Былайша айтқанда екінші сауда жүреді, бірақ ол ашық және жүйелі түрде өтуі тиіс.

Мысалы, 13-ші желтоқсанға бізде ДК кезекті отырысы жоспарланған және мен тағы бір ірі қарызгерге қатысты мәліметтер алып отырмын. Оған ҚДБ ірі қарызын қайта құрылымдауды ұсынып отыр.

Қайта құрылымдау – ҚДБ үшін дағдарыстан кейінгі негізгі міндеттердің бірі. Мұның барлығы экономика дағдарыстан шықты, өсу қарқыны қалпына келді деген үмітпен жасалып отыр. ҚДБ өзінің қарызгерлері енді 2-3 жылдан соң қарызын қайтаруда қазіргіден де мүмкіндігі жоғары болады деген болжамға арқа сүйеп отыр. Мен мұны банктің экономикадағы өз рөлін дұрыс түсінушілік деп ойламын.

Жоғарыда аталған тәсілдерден басқа банкке үкімет те мемлекеттік бюджеттен немесе Ұлттық қордан қайта қаржыландыруға қаржы беру  мүмкіндігін айта кеткен жөн. Ол халықаралық капитал нарығынан арзан болады. Осындай арзандатылған несиелердің арқасында өз өміршеңдігін сақтап қалған бірқатар жобалар бар. Сондықтан ҚДБ-ның барлық қарызгерлері мен несиелік портфелін қараған жөн. Бұл оның қазіргі негізгі міндеті.

 

 - ҚДБ қарызгерлері қайта құрылымдау бойынша қандай да ұсыныстарды талап ете ма? Олар қандай қайта қаржыландыруға үміт етеді? Үстемақыны алып тастауға ма, қарызды қайтару мерзімін ұзартуға ма, әлде бәріне бірге ма?

 

 - Бәрін де қалауға болады. Және олар бәрін де қалайтынына сеніңіз! Банк сезімге берілмей, қарызгердің қарыздарын қайтару мүмкіндігін де, сонымен қатар өзінің қандай да жеңілдік бере алу мүмкіндігін де – мөлшерлемелерді төмендету, мерзімін ұзарту немесе жекелеген жағдайларда қарыз қаражатты жеке қаражатпен алмастыруды  байыппен саралап, дұрыс рационалды жолмен бара жатыр. Бұл үш элементтің барлығы да барлық қарызгермен алдын ала келісіледі.

 

 - ҚДБ әлі нені істеген жоқ, немесе толық түсінген жоқ?

 

 - Банкте тұрақты түрде жақсы жобалардың жоқтығына шағымданады. Мемлекеттік үдемелі индустриалық-инновациялық даму (ҮИИД) бағдарламасы бар, бірақ онда да жақсы жобалардың басқа қаржыландыру көздері бар немесе жоба иесі әлі ҚДБ-ға несие сұрап келмей отыр. ҚДБ-да төрт немесе бес жобалық дирекция бар. Осы дирекциялардың әр қайсысын жартылай профилін өзгертіп, олар қайта құрылымдаудың тиімді шарттарын жасау үшін өздеріндегі бар несиелік портфелдерін қайта қараумен айналысатындай ету керек. Міне, мұны мен нарықтағы объективті өзгерген жағдайға менеджменттің дұрыс әрекеті дер едім.

Жазда ҚДБ ірі қарыздарын жоспарлы түрде қайта құрылымдауды бастады, және ол одан да ұсақ несиелерге де тарайды. ҚДБ қарызгерге де ҚДБ акционеріне де тиімді шешімдерді тапты. Бұл ҚДБ алдағы уақытта өз алдындағы барлық мінтеттерін табысты атқарады деп үміт етуімізге мүмкіндік береді.

 

 - ҚДБ-ның жаңа даму стратегиясына сай оның клиенттермен жұмыс істеу тактикасы қалай өзгереді?

 

 - Биылғы жылдың қаңтарында Ғали Есқалиев бастаған банк басшылығы премьер-министрдің қатысуындағы кеңеске корпоративті дамудың жаңа стратегиясын әзірлеу ұсынысымен шықыты. Бұрын банк шағын мануфактура іспеттес болып, онда жобаны қаржыландыруды біртіндеп «қолмен жасап» отыратын, ал ол өте баяу еді. Қазір басқарма банкті «несиелер фабрикасына» айналдыру міндетін қойды. Ол бойынша қаржыландыруды жоғарғы тиімділіктегі, тәуекелді басқару оңтайландырылған «конвейрлік» жүйеге келтіру міндеті қойылған.

Бір қызығы, банктің дамуының жаңа стратегиясын банк өз күшімен қысқа мерзімде әзірлеп шықты. Сәуір айында-ақ олар 2020-шы жылға дейінгі дамудың жаңа стратегиясын жалғыз акционеріне ұсынып және одан соң ол банк директорлар кеңесінің шешімімен бекітуге тапсырылды.

 

 - ҚДБ осы стратегиясымен байланысты қытайлық Эксимбанктен несие алды ма?

 

- Жоқ. Қытайлықтардан несие ШЫҰ аясындағы үкіметаралық келісім бойынша алынды. Бұл несиенің жартылай байланған (осы несиені игергенде қытай өнеркәсіп өнімдерін алу міндетіміз бар – ҚазТАГ) және жартылай бос түрі барлығына назар аударған жөн. Байланған бөлігі қытайлық мердігерлермен жасалған бірқатар келісімшарттармен иегрілді, ал бос бөлігі туралы олай дей алмаймыз. Оның үстіне ол тым қымбат болып кетті. Мен ҚДБ басшылығы жақында осы бос бөлігіне қатысты шешім таба алады деп сенемін. Яғни қытайлық несие аралас табыс көріп отыр.

 

 - Түсінікті. Ал ҚДБ стратегиясының мәнісі неде?

 

- Басқарма тамаша стратегияны әзірледі. Ол біріншіден, шикізаттық емес инновациялық секторға деген бағытты бекітеді. Екіншіден, ол ҚДБ-ға мемлекеттік ҮИИД бағдарламасындағы маңызды кредитор рөлін бекітті және экспорттық-импорттық операциялар мен сыртқы саудада белсенді қаржыландыру бастамасын көтерді. Сөйтіп ҚДБ екінші деңгейдегі банктер дағдарысқа дейінгі айналым көлеміне жетпейінше, қайтадан экспорттық-импорттық банк рөлінде қызмет атқарады. Үшіншіден, ҚДБ өзінің клиенттерін қаржылай консультация берумен айналыспақшы. Яғни тиімді қорландыру көзін іздестіруге, қаржылық шешімдерді қандай көздерден, қандай мекемелерден тарту керектігі туралы кеңес бермекші.

Әдетте, тек қана ҚДБ несиесі қандай да жобаны қаржыландыруға жеткіліксіз. Көп жағдайда несиелендірудің қосымша жолдары болуы қажет, себебі әрбір банктің несиеге деген салаларға да қатысты, жекелеген қарызгерлерге де қатысты тәуекелдерді жалпы теңгеру үшін өз шектеулері болады. Сондықтан ҚДБ-да өз клиенттері үшін ортақ қаржылық шешімдерді ұйымдастыру және қаржыны «тарту бойынша менеджер» ретінде көрсетуіне тура келеді.

ҚДБ-ның тағы бір қызмет саласы – дәстүрлі лизинг бар. Оны дамыту қажет. Банктің еншілесі «ҚДБ-Лизингті» «Самұрық-Қазынадағы» банк активтеріндегі осындай құрылымдармен біріктіру мәселесі қарастырылды, бірақ аталған мәселе бойынша қаржылық қызметтің жекелеген түріне деген акционердің пікірі әлі қалыптаспады. 

 

- ҚДБ туралы соңғы мәліметтер бойынша, несиелік портфелдің 60%-дан астамы 15 қарызгерде шоғарланған. Қарыздың мұнша шоғырлануы қауіпті емес пе? Ол ҚДБ-ның экономиканы дамыту тетігі ретіндегі идеясын девальвацияламай ма?

 

- Егер банк тағдыры аздаған қарызгерлерге тәуелді болатын болса, теориялық тұрғыдан ондай қауіп бар. Бірақ ондай жағдай өтіп кеткен, банк несие берудің «мануфактуралық» тәсілімен жүрген кезге ғана тән.

Мен жалпы айтқанда, банк өзінің несиелік портфел көлеміне қарағанда капиталданғаны соншама, оның несиелік портфелін алдағы 2-3 жылда үш есеге арттыруға болады деп есептеймін. Банктің дамуының жаңа стратегиясы дәл осыны қарастырады!

Мен, банк үшін капиталдандырудың мұншама жоғары деңгейі болуы шарт деп есептемеймін. Қазірдің өзінде қалыптасып үлгерген, мысалы, Германиядағы KfW сынды банктерге қараудың қажеттігі жоқ деп ойлаймын. Оларда ондаған жылдар бойына өзінің қаражатының қорланғаны соншама, олар несиелерді капитал нарығына қарағанда арзан бағаға бере алады, себебі ол несиелік қаражаттың көбі олардың жеке капиталы.

 

 - Ал ҚДБ ұсақтау несиешілерге көше ала ма?

 

 - Иә, бірақ жанама түрде, гипотетикалық мысалы ретінде Темірбанкті алайықшы. Ол қайта құрылымданды және нарықтағы өз позицясын қайта қалпына келтіруде. Оған инвестжобалары кейінге қалдырылған бұрынғы киенттері қайта келуде. Олар банкке келуде, бірақ Темірбанктің өзінің кредиторлары мен инвесторларының алдында алған міндеттері бар. Ол міндеттер қорытынды құжаттарда көрініс тапқан. Сондықтан да онда қарызға берерлік үлкен қаражаттары жоқ. Сондықтан ол инвестжобалар үшін жаңа несиелерді өзінің клиенттеріне асықпай беретін болады. Бірақ Темірбанк, егер ҚДБ-мен шектеулі келісімге отыратын болса, оны тездете алады. Ол бойынша Темірбанк өз клиенттеріне қызмет көрсетуді жалғастырады, оның ішінде жаңа несиелерді беру бойынша да, және ҚДБ-дан алынған несиелік желі аясында берілген несиелерді де атқара береді. Бұл мәселе ҚДБ-ның жаңа стратегиясында көрініс тапқан. Сөйтіп, ҚДБ-мен шектеулі келісімге келген екінші деңгейдегі банктер арқылы көптеген ұсақ қарызгер-клиенттерге қызмет көрсету жалғасады.

ҚДБ қазақстандық басқа банктерге несиелендіруші бола алады (өзінің капиталдануында) және болуы да тиіс (ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы аясындағы өз рөлін атқаруда). Ал екінші деңгейдегі банктер өз кезегінде шағын, орташа және ірі мөлшердегі несиелер бере алады. Менің білуімше бұл идеялар банкте әлі іске асырылмаған.

 

 - Ал Еуропадағы даму банктері қалай жұмыс істейді? Қандай да ортақ нәрселер немесе айырмашылықтары бар ма?

 

  - Мен ҚДБ-ны германиялық KfW-мен (немісшесінде, қайта қалпына келу үшін несиелік мекеме) салыстырғанды ұнатамын. Бүгіндері KfWбір банк емес, KfW тобындағы төрт банк.

Екіншіден, бұл «Даму банкі». Бұл терминмен жеңілдетілген шарттармен шетелдік несиелендіруге мамандандырылған KfW бөлімшесін атайды. Дамушы елдер үшін арзан несиелер. Меніңше, ҚДБ да осындай рөлде өзін көрсете алған болар еді, мысалы, Қырғызстандағы белгілі бір жобаларды қаржыландыру арқылы. Қаржыландырудың мұндай түрі Қазақстан үшін жанама түрде болса да тиімді жобаларды қаржыландыруға арналған болар еді. Мысалы, айталық, ОҚО-дағы қандай да су шаруашылығына жанама түрде болса да қатысы бар жобаларға.

Екіншіден, бұл «Кәсіпкерлікті ынталандыру банкі». KfW-тің аталған бөлімшесі жаңа кәсіпкерлерге несиелер береді. Себебі олардың  несиелік тарихының жоқтығынан германиядағы екінші деңгейдегі банктерден несие алу мүмкіндігі жоқ. Бұл несиелерді KfW тікелей емес, тек екінші деңгейдегі банктер арқылы береді. Бұл жерде де бұрынғы сұлба – ҚДБ жаңа кәсіпкерден өтінішті қарайды, егер ол ҚДБ үйлестірген критерилерге сай келетін болса, онда ҚДБ аталған ұсақ неисені ҚДБ-дан берілетін несиелік портфеліне бөледі. ҚДБ үшін аяқ киім тазалайтын қандай да станокты сатып алу жобасы қызықсыз, бірақ ол ЕДБ үшін қызықты болуы мүмкін, себебі олар аталған несиені қайта қарджыландыруды және мәмілеге көрсетілген қызметтен агенттік қызмет ақысын толығымен алып отыр.  Егер KfW мен Германиядағы барлық ЕДБ арасындағыдай ондай келісімдер бар болса, мен Қазақстан банктері үшін де бизнестің осындай бағыты қызық болар еді деп есептеймін.

Үшіншіден, - бұл «IPEX-Банк». Бұл банк германиялық шикізаттық тауарларды сатып алушылар үшін экспорттық-импорттық операцияларды қаржыландырады, германиялық экспортты қолдап, германиялық инвесторлардың қатысуындағы инвестициялық жобаларды қамтамасыз етеді. ҚДБ осындай рөлін қазақстандық ЕДБ-лер осы салада өз деңгейіне жетпейінші атқаруы тиіс.

KfW-тің төртыншы бөлімшесі – ол ұзақ мерзімдік капиталдың провайдері болып табылатын «DEG». Бұл компания жарғыға да кіре алады, үшінші компанияларға бағыныңқы несие де бере алады. Қаржыландыру 5-10 жылға беріледі және өзінің өндірісін кеңейткісі келетін Германиядан тыс жердегі фирмаларға көмектеседі. 

Шынын айтқанда мен, ҚДБ-ны да 2015-ші жылға қарай осындай тармақтанған және табысты мекеме ретінде көріп отырмын. Бұл үшін тынбай еңбек ету керек, бірақ мен ҚДБ-ның барлық қызметкерлері осы мақсатқа ұмтылатынын білемін.

 

      - Өте қызық екен! Сұхбатыңызға үлкен рахмет!


adimage