Универсиада -2019 алауы 20 қыркүйекте Түркияда жағылады

Күні: 15:48, 18-09-2018.

Алматы. 18 қыркүйек. ҚазТАГ – 2019 жылғы Қысқы Универсиада итальяндық Туринде өтеді, деп жазады ТАСС.  
«20 қыркүйекте Италияда –Туринде 2019 жылғы қысқы Универсиада алауын жағу салтанаты өтеді, оны Халықаралық студенттік спорт федерациясы (FISU) ұйымдастырып жатыр. Турин XXIX Дүниежүзілік қысқы универсиада алауы эстафетасының халықаралық кезеңінің бірінші қаласы болады», - деп хабарлады Красноярск өңірі спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.  
Хабарда нақтылағандай, алау жағу салтанаты Мәскеу уақытымен  16.00 –де басталады  (Астана бойынша 19.00– ҚазТАГ) және Турин университеті аумағында. Салтанатты шара аясында Красноярск өңірі мен Красноярскінің таныстырылымы өтеді.  Алауды красноярскілік сноубордшы, Олимпиада-2014 қола жүлдегері, Ойын елшісі Николай  Олюнин жағады.
«24 қыркүйекте   Универсиады-2019 адауын  2017 жылғы қысқы Универсиада өткен елорда Алматы қарсы алады.  26 қыркүйекте алау эстафетасның кезеңі қытайда Хабинде өтеді, ол 2009 жылы қысқы Универсиаданы қабылдаған болатын.   29 қыркүйекте эжстафетаның ресейлік кезеңі басталады. Оған елдің 30 ірі қаласы қатысады. шара 2019 жылдың 1 наурызында Красноярскіде аяқталады», - делінген хабарда.
Еске салсақ, жазғы және қысқы Универсиадалар 2 жылда бір рет халықаралық студенттік спорттың қолдауымен өтеді.  
Алғашқы сиуденттік ойындар Туринде 1959 жылы өткен.


Жаңалықтармен бөлісу: