Венада Иран ядролық бағдарламасына қатысты шешуші келіссөздер басталады

Алматы. 18 қараша. ҚазТАГ – Венада Иран ядролық бағдарламасына қатысты шешуші келіссөздер басталады, деп хабарлады ресейлік ТАСС агенттігі.
«Иран және «алтылық» елдері (БҰҰ ҚК бес тұрақты өкілі және Германия) Венада Иран ядролық бағдарламасына және сонымен байланысты Теһранға салынған санкцияларға қатысты кезекті келіссөздерін бастайды. Саяси директорлар келіссөздер үстеліне жан-жақты құжатты үйлестірудің өздері қойған шекті мерзімнің – 24 қараша -  аяқталуына бір апта қалғанда отырды», - делінген хабарда.
Бірақ, агенттік атап көрсеткендей, соңғы аптада естіліп жүрген диполоматтардың мәсімдемесі бойынша, келіссөздерді шекті мерзімге дейін үйлестіруге ешбір тарап кепіл бере алмайтындығы түсінікті болды. Ай басынан бері келіссөздер үзіліссіз жүргізіліп келе жатқанына қарамай, негізгі мәселелердегі пікір айырмашылықтарды алып тастау мүмкін болмады. Әңгіме, атап айтқанда, байыту бағдарламасының параметрлері мен АҚШ, ЕО БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Иранға қарсы жариялаған санкцияларды алып тастау туралы болып отыр.
Келіссөздердегі «алтылықтың» жұмысын, дәстүр бойынша, Кэтрин Эштон үйлестіріп отырады деп жоспарлануда. Ол осы айдың басында еуропалық дипломатия тізгінін тапсырды. Иран делегациясын, бұрынғысынша, ИИР сыртқы істер министрі Джавад Зариф бастап келеді. Венаға жақын күндері АҚШ мемхатшысы Джон Керри келеді. Ол осының алдындағы саяси директорлар консультацияларының екі раундына қатысты. Келіссөздер үдерісіне белгілі бір кезеңде «алтылықтағы» оның серіктестері де қатысуы мүмкін.
Ресейлік делегацияны министрлердің келгенінше РФ СІМ министр орынбасары Сергей Рябков бастайды.
«Егер келісушілер белгілі жұмыс атқарып, егер олар ақтық үйлестіру құжатын дайындайтын болса, келіссөздер үдерісіне алтылықтың СІМ басшылары да қатысуы мүмкін», - деді агенттікке, келіссөздерге жақын дипломатиялық дерек көзі.
Оның айтуынша, «келешектегі келісім-шарт әлем жұртшылығына Иран ядролық бағдарламасының бейбіт сипатта болатындығына кепіл берулері тиісті».
«Өмір тәжірибесінде МАГАТЭ мен әлем жұртшылығы, егер Теһран өзінің ядролық бағдарламасының шегінен шығып бара жатса, соны алдын-ала хабарлап отыратын  тетік алулары тиісті», - деді дерек көзі.
Батыс дипломаттар пікірінше, ол үшін негізгі тетік байыту қуатын, байыту дәрежесін шектеу және Аракадағы ауыр суда істейтін зерттеу реакторын қайта салу керек. Шешімнің бір бөлігі Ресей мен Иранның арасындағы ядролық материалдарды алып кетіп отыру туралы уағдаластық та бола алады.
Дипломатиялық дерек көзінің айтуынша, «Ираннан ядролық материалды Ресейге алып кетудің әлеуетті сұлбасын үйлестіру үшін және оны келешекте Бушердегі реакторға керек ядролық отынға дейін  өңдеу үшін алдымен жалпы мәміленің барлық параметрлерін үйлестіріп алу керек». Мәскеу мен Теһран арасындағы осындай уағдаластық «ол басты нәтижеге – ирандық ядролық бағдарламаның бейбіт сипатта екендігіне халықаралық сенімді қалпына келтіруге қол жеткізуге жұмыс атқару тұрғысынан мәміленің бір бөлігі бола алады».
Келіссөздер үдерісінің екінші қыры – Иранға қарсы енгізілген санкциялар, оны алып тастаудың тетіктері мен жолдары. Мысалы, Теһран өкілдері шектеу шаралары келісімге қол қойылған соң бірден алынып тастағанын қалайды. Бірақ ТАСС дипломатиялық дерек көзі «олай істеу мүмкін еместігіне» сенімді, себебі «БҰҰ ҚК резолюциясымен қарастырылған санкциялар резолюцияда жазылған бірқатар шектеулердің орындалуын талап етеді».  

adimage