Алматы. 24 қаңтар. ҚазТАГ- Венесуэладағы қарсылық акциясы барысында кем дегенде 16 адам мерт болды, деп хабарлады ТАСС.
«Сәрсенбі күні Венесуэладағы үкіметке қарсы манифестациялар кезінде кем дегенде 16 адам мерт болды», - делінген El Pitazo интернет-порталының халыққа таратқан ақпарына сілтеме жасалған хабарда.
Интернет-порталдың ақпарынша, Амасонас, Баринас, Боливар, Португес және Тачир штаттарында, сондай-ақ ел астанасы Каракаста қарсылық танытушылардың күш құрылымдарымен қақтығыстары салдарынан адам өлімдері де орын алды. Президент Николас Мадуроға қарсы көлемді қарсылық акциялары елдің көптеген өңірінде ұйымдастырылды.
Венесуэладағы құқыққорғау органдары 21 қаңтардан бері үкіметке қарсы шығулар барысында 70-тен астам адамды ұстаған.
«21 қаңтардан бастап бүгінгі таңға дейін қарсылық білдірген 70-тен астам адам ұсталды, «Қылмыстық форум» бұл ақпарды растайды», - деп жазды «Венесуэла қылмыстық форумы» үкіметтік емес ұйымының атқарушы директоры Альфредо Ромеро өзінің Twitter парақшасында.
Хабарда айтылғандай, сәрсенбіде Венесуэлада президент Николас Мадуроға қарсы қарсылық акциялары басталған, оны оппозиция ұйымдастырған. Сол күні Венесуэла парламентінің төрағасы және оппозиция лидері Хуан Гуайдо өзін Каракастегі оппозициялық митингі барысында мемлекет басшысының міндетін атқарушымын деп жариялаған. Саясаткерді уақытша мемлекет басшысы деп бірқатар өңір мойындаған, соның ішінде АҚШ, Канада, Аргентина, Бразилия, Колумбия, Парагвай, Перу, Чили және Эквадор.
Н. Мадуро мұны Вашингтон ұйымдастырған мемлекеттік төңкеріс деп санап, АҚШ-пен диломатиялық қарым-қатынасынын тоқтататыны туралы мәлімдеді.
Венесуэледа мемтөңкеріс: қарсылық акциясы барысында кем дегенде 16 адам көз жұмды
