Вьетнам президенті Чан Дай Куанг ауыр науқастан кейін көз жұмды

Күні: 12:39, 21-09-2018.

Алматы. 21 қыркүйек. ҚазТАГ –  Вьетнам президенті Чан Дай Куанг ауыр науқастан кейін көз жұмды, деп хабарлады ТАСС.
«Вьетнам президенті Чан Дай Куанг жұма күні 10.05-те  (09.05 аст) 108 нөмірлі ханойлық әскери госпиталда 61 жасында көз жұмды. Президент ауыр науқасқа шалдыққан болатын. Алайда отандық жетекші және шетелдік дәрігерлердің бар күштерін салғандарына қарамастан, жазылмады», - деп хабарлады жұмада орталық денсаулық сақтау басқармасының бастығы  Нгуен Куок Чиеу.
Вьетнамдағы 10-шы президент Чан Дай Куанг 2016 жылдың сәуірінде мемлекет басшысы болып тағайындалған.    


Жаңалықтармен бөлісу: