Астана. 15 мамыр. ҚазТАГ – Вице-премьер Жеңіс Қасымбек ұлттық компанияда қызметке тағайындалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 маусымдағы № 465 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Махмұдұлы Қасымбекті "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайлауды қамтамасыз етсін», - делінген үкімет қаулысында.
Алдыңғы редакцияда 1 тармақта Қасымбектің орнына премьер-министр Асқар Мамин жазылған еді.
Қасымбек вице-премьер лауазымына 2019 жылдың ақпанында тағайындалған. Оған дейін ол 2018 жылдың желтоқсанынан бастап индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін басқарған, оның алдында 2016 жылдың маусымынан 2018 жылдың желтосқанына дейін инвестиция және даму министрі болған.
Вице-премьер Жеңіс Қасымбек ұлттық компанияда қызметке тағайындалды
