Владимир РЕРИХ, тележурналист: «ХАБАРДАҒЫ» ЖҰМЫС МЕНІ АЛДЫНА ҚОЙҒАН МІНДЕТТЕРІНІҢ АУҚЫМДЫҒЫМЕН БАУРАП АЛДЫ

 

Алматы. 21 қазан. ҚазТАГ - Валерий Новиков. Қазақстанның бас телеарнасы – «Хабарға» 15 жыл толды. Осы датаның қарсаңында ҚазТАГ тілшісі осы телеарнаның құрылған күнінен бастап осы күнге дейін оның жұмысына қатысып отырған танымал тележурналист Владимир Рерихпен сұхбаттасқан еді.

 

- «Хабарды» құру идеясы қалай туындады, мұның бәрі 95-ші жылы күзде қалай басталып еді?

 

- Егер дәлірек айтсақ, онда мен «Хабарға» екі не үш ай өткенде келдім. Менің білуімше ол кезде екі әйел – Дариға Назарбаева мен Лейла Храпунованың басында туындаған идея толығымен пісіп жетіліп және іске асырыла басталған. Бұл 95-ші жылдың аяғы болатын. Маған президенттің баспасөз хатшысы Дулат Қуанышев бірнеше рет телефон шалып, Дариға Назарбаевамен байланысуымды сұрады. Мен ол кезде деректі киномен шұғылданатынмын да, ол менде тәп-тәуір жақсы жүріп жатқан және, барлық киноматографистер сияқты, мен телевидениеге аздап асқақтап қарайтынмын. Бірақ Дулаттың кезекті телефон шалысынан соң, мен Дариға Нұрсұлтанқызына келдім, біз сөйлестік те менің барлық күдігім сейілді. Айта кетерлігі, әңгіме «Көп ақша төлей алмаймын, ақша жоқ, техника жоқ, бірақ шынымен жұмыс істейтін болсақ, мұның барлығы болады» деген оптимистік фразамен аяқталғанымен, айтарлықтай қуанышты болған жоқ.

Мен Евегния Доцук, Виктор Кияница, Галина Кузембаева бар командамен кездестім де олардың құлшынысын қабылдап, телевизионшы болып шыға келдім.

Идеялар ол кезде ауадай қалықтап жүретін, телеарналар, газеттер мен радиостанциялар жауыннан соңғы саңырауқұлақ сияқты қаптап өсті, эфирде өзінің Коммерциялық телеарна (КТК), «31-ші арна» мен басқа да майталмандары болатын. Бірақ жаңа телевидениені барлығы да күткен, қиямет қайымнан туатындай күткен! Және біз олардың үміттерін ақтауымыз тиіс еді! Ол кезде барлығы да қайта құру идеясына еліктеп, еркіндікпен тыныстайтын. Оның мысалы - мәскеулік тележурналистер, «Взгляд», Влад Листьев пен басқалар болатын...  Ол жарқын телевидение болатын, тың және ол шарап бізді де буына мас етті.

Шынын айтсақ, жұпыны кедейшілік пен жоқшылық есімізді жиғызатын. Қарапайым, үйдегі VHS-аппаратуражетілгендіктің шарықтау шегі болып, ескі телеорталықтың бірнеше бөлмесіне сиып отыратынбыз. Камера жетіспейді, жарық беруші жабдықтар жетпейді, монтаждайтын аппарат бөлмелеріндегі жабдықтар жартылай қиратылған... Барлығы да әйтеуір бір қол өнері іспеттес,  бірақ өте көңілді болатын!

 

- Бірақ бұған дейін де сізде айтарлықтай телевидениелік тәжірибе болды емес пе?

 

- Ия, мен Қазақ телевидениесінде 80-ші жылдардың соңында қандай да кішігірім бағдарламалар жасайтынмын, киноматографиялық асқақтығыма қарамай, «ұят та болса» телевидениеге деген құштарлығым да болатын... Бірақ «Хабарда» мені қандай да өзімінің жоспарларымды іс ке асыру мүмкіндігі емес, алдымыздағы міндеттердің  ауқымдығы баурап алды. Біз жаңалық тарататын қуатты, оны барлығы да көретін, жедел, қызықты және беделді телеарна жасауымыз керек болатын. Біз аз ұйықтайтынбыз, әр кез топ болып жүріп, жоспарлар мен атқарылған тірлігімізді талқылайтынбыз, бәсекелестерді талдап, пікір таластырып, бір-бірімізді көндіруге тырысып, әр кез істеп жатқан тірлігіміздің бекер еместігін сезінетінбіз. Біз басқа телеарналардан жылдам және дәл, қызықтырақ болуға тырсытынбыз. Біздің қозғалтқыштарымыз әр кез ұшуға дайын режимде жұмыс істейтін! Сөйтіп, сәлден соң-ақ, басқалардың барлығына бәсеке бола алатынымызға көзіміз жетті!  

Біз туралы үлкен сыр қылып, бізді ерекше қамқорлықта жұмыс істейді, ерекше техникалары бар, бюджеті қомақты деген әңгімелер айтыла бастады... Шын мәнісінде мұның ешқайсысы да жоқ болатын. Алғашқы жылдары біз алған жалғыз сандық кешеннің бізге берген қуанышынан гөрі машақаты көп болды. Ол әр кез бұзылып оны үнемі жөндейтін, және ол тұрақты бас ауруымыз болды.

Айтпақшы, сол кездегі премьер-министр Әкежан Қажыгелдинді жылылықпен еске алғым келеді.

Бірде оны біз «Контекст» бағдарламасына шақырдық, ол ыждаһаттылықпен барлық сауалдарымызға жауап берді, ал бағдарлама аяқталған соң, қырағы адам ретінде сол кездегі біздің техникалық арсеналымызды қарап шығып: «Мен бәрін түсіндім. Сіздердің мына қирандырыңыз жұмыс істеп кетуі үшін қанша қаражат керек?», - деп сұрады.

Содан соң, әлгі сандық телекешен пайда болды.

 

- Ия, сөйтіп, бәсекелестер әлдеқашан «жыртып тастаған» телевидение алаңына сіздің шығуыңыз қалай болды?

 

- Ол кезде КТК-нің тасы өрге домалап, олардың өзіндік аудиториясы, танымал тұлғалары, өзіндік стилі болатын. Біз де қарап отырмадық, тілшілер қосындарын ашып, жаңалықтарды берудің қандай да жарқын тәсілдерін іздестірдік, аудиторияны жинайтындай бағдарламалар жасадық. Бәсекелстердің ең үздік бағдарламаларын қарадық, оларды талдап, кемшін тұстарын анықтап, олардан үйрендік. Сөйтіп, ақырындап, ақпараттық кеңістікті жаулап ала бердік.

Біз әу бастан дәл сол ақпараттық арна жасауды көздедік қой. Онда ақпарат онша түсініксіз және адамдардың санасы мен жүрегіне онша жете бермейтін, ресми үгіт-насихаттан тазартылған болуы тиіс болатын. Ол адал да түсінікті болуы тиіс тұғын. Ең бастысы – жаңалықтар, ал басқа бағдарламалардың барлығы – әңгіме, сараптама, ойын-сауықтық – оның көркемдеушісі ғана болуы тиіс болатын. Ол бағдарламаларды әу баста «Хабарда» емес, продюссерлік орталықтарда дайындау жоспарланған. Бірақ олардың да өздерінің белгілі бір ерекшіліктері бар болатын. Галина Леонидовна Күзембаева «ГАЛА-ТV» студиясында жалпы аты «Лучше быть…»(«Одан да ... жақсы») айдарымен бағдарламалар сериясын жасады. Мысалы, «Лучше быть здоровым…» («Одан да деніңіз сау болғаны жақсы...» және тағы басқа бағдарламалар. Олардың кейбірі әлі эфирде жүріп жатыр.

«Неделя – Жетi кун» бағдарламасы ( ол да әлі жүргізілуде!)алғашқыда сырт жақта Дима Бациев бастаған креативті жігіттер тобымен дайындалды. Бірақ еркіндіктің буы оларды мас қылғаны соншама, олар ешкіммен кеңеспей-ақ бағдарлама барысында сол кездегі Ресей президенттіген үміткер генерал Лебедьтің жарнамалық ролигін эфирге қойып жіберді. Біз ұрсып қалдық, олар кетуге мәжбүр болды да, содан бері біз бағдарламаны өзіміз жасайтын болдық.

 

- Ресейліктер талап қойған жоқ па?

 

- Жоқ,біздің ел басшылары тарапынан реніш болып, біздің бәріміз ыңғайсыз сезіндік. Мұнда, себеп Лебедь емес, бізге дос державаның сайлау үдерісіне араласу фактісі болды.

 

- Яғни, цензура қатаң болған ғой?

 

- Ол кезде сырттан ешқандай цензура болған жоқ. Біз өз талғамымыз бен шама-шарқымызды басшылыққа алдық. Алғашқы жылдары ол жалғыз оқиға, онда да болып қойған оқиға болды.

 

- Сөйтіп, ол тамаша уақыт қашан аяқталды?

 

- Ғасырдың ең аяғында. Бірақ ол әр кез «біздің хабарымыздан соң» және мейлінше сыпайы түрде жасалатын. Президент әкімшілігінің жетекшісі, министр телефон шалып, қандай да тұстарына назар аударатын, бірақ бұйыратындай өктемдік болмайтын. «Сіздердің кәсіптеріңіздің асханасына араласпаймыз...» дегендей ескертулерден соң, қандай тұстарына назар аудару керектігі туралы көмескілеу өтініштер болатын. Бірақ ешкім де ешкімнің қолын ешқашан бұраған емес.

2000-шы жылмен бәрі де өзгере бастады, маған ақпарат министрі емес, қандай да ұсақ клерк звондап, өзінің тәртібімен өмір сүруді үйрете бастайтын болды. Менде олармен бірнеше рет сұмдық диалог балған соң, біраз уақытқа қоңырау шалу тоқтатылды, бірақ белең алған үрдісті тоқтату мүмкін болмады. Мен жүйе өзгере бастағанын сезіндім және одан ары жұмыс істеу қызық болмай қалды.

Айтпақшы, алғашқы бес жылда, бізге ешкім қыспақ жасамай отырғанда, нәтиже де әлде қайда сапалы, басқа болатын.  

 

- Эфирге алғаш рет шыққаныңыз есіңізде ме?

 

- Эфирге шығуға мәжбүр болдым. «Жетi күн» бағдарламасында. Жүргізуші болмай қалды, маған эфирге шығуға тура келді. Бұл оңай емес еді, өйткені маған дейінгі жүргізушілер мықты, харизмасы бар болатын -  Анвар Мамраимов, Дүкеш Байымбетов… Маған Дүкеш өте ұнайтын, ол - журналистік, өмірлік тәжірибесі бар адам, экраннан жақсы және сенімді көрінетін.

Мен жүргізуші роліне мүлдем дайын емес едім, бірақ басқа амал болмады, әріптестерім, таныс емес тележүргізушілер жақсы баға берді. Бірақ әлі күнге дейін өзімді сарапшы, саясаттанушы және тележүргізуші деп есептемеймін. Мен - Уолтер Кронкайт емес, режиссермін!

Кейін «Контекст» бағдарламасы болды, оны Евгения Доцук, Виктор Кияница, Евгений Грюнберг бәріміз бірге жасадық. Кейін көп жұмыс болды...

 

- Ол жердегі ресми қызметіңіз қандай еді?

 

- Басында бағдарламалар директоры ретінде қабылдандым, іс жүзінде бәрімен айналысқанымызбен, мысалы еңбек тәртібін түзетсем де, осы қызметте қалдым …

 

- Ондай да проблема болды ма?

 

- Мен аға сержант екенімді, взвод командирінің орынбасары екенімді есіме түсірдім, тәртіпті реттеудің әскери әдістері аса тиімді болды.

 

- Жақсы еңбекқор ұжым жасақтау оңай емес

 

-Бұл әрқашан қиын, ал шығармашылық ұжымда бәрінен де қиын, бірақ біздің жолымыз болды. Бізге басқа арналардан кәсіпқойлар тартыла бастады, мысалы Сергей Насыров, Сергей Пономарев, тағы басқалары. Техникалықдиректор Валентина Ключникованың арқасында біз қамту аймағын кеңейтіп, бірте-бірте жақсы техникаға ие бола бастадық. Тікелей қосылулар, оқиға орнынан репортаж жасау дегеннің қуанышын ерте сезіндік. Дұрыс техникалық мүмкіндіктер болмаса да, әйеуір бірдеңе жасауға тырысатынбыз.

 

- Көрерменмен кері байланыс болды ма, сіздердің алмағайып тырысуларыңыз рейтингтер жүйесінен тиісті орын алды ма?

 

- Иә, мен мұны талап ететінмін, ол кезде Қазақстанда Гэллап институты жұмыс істейтін, біз қаржыны негізгі сауалнамаларға тегін жұмсаған жоқпыз деп ойлаймын. Біз жалпы эфирдегі өз орнымызды анық және объективті көретінбіз, ол бізді қуантатын.

Мен ол кезде қоғамдық теледидар идеясын қызу қолдайтынмын, «Хабардың» дамуының келесі кезеңі қоғамдық теледидар болады деп есептейтінмін (сенетінмін!). Мен бұл идеяға әлі күнге дейін ғашықпын, әлемде бұдан артық ештеңе жоқ деп есептеймін – болашақ үшін ең оңтайлы модель. Қалай болғанда да, бұл – ең шынайы телевидение!

 

- Қазір «Хабарға» қандай баға берер едіңіз, 15 жыл бұрынғы армандардың бірі болса да орындалды ма?

 

- Өкінішке орай, өмірде бәрі бірдей орындала бермейді! «Хабар» ортасында қалған саяси дауылдар, белгілі есімдерге, жемқорлық дау-дамайға қатысты оқиғалар оған жақсылық әкелмеді. Арна бір кездері жаулап алған аудиториясынан айырылды. Қазіргі арна кадрланған полкқа ұқсайды. Бұл жиналып қалған серіппе сияқты. Онда өздерінің, қоғамның алдындағы жауапкершілігін сезінетін кәсіпқойлар бар. Олардың «зиян тигізбе» деген сезімі бар.

Телевидение - күшті құрал. Шамадан тыс әрекеттің, соның ішінде ақпараттандырудың неге алып келетінін көрші елдегі оқиғалар көрсетіп берді, онда шамадан тыс ақпараттандыру саяси жүйенің толығымен қирауына, қанды жолмен қирауға ұшырауына алып келді. Сондықтан мен өзімнен – жағдайды шамадан тыс өршіткен жақсы ма, құрғатқан жақсы ма? деп сұраймын. Шамадан тыс қыздырып жіберсең, құны қандай болады? Кім жауап береді?

Иә, қазіргі уақытта біздің арнамыз тоқырау кезіндегі теледидарға ұқсайды.

Сондықтан да мен «Хабардың» болашағына философиялық тұрғыдан қараймын. Оптимистік емес, бірақ пессимизмсіз. Бәрі өз жолымен келе жатыр, жаңа серпілістер болады, серіппе жазылады деген сенімдемін.

 

- Сіз осылайша арнаны басқаша ойлаудан, басқаша көзқарастан жабықтығын ақтауға тырысатын сияқтысыз … «Хабарда» жарқын, келіспейтін билік сыншыларын көретін күн бар ма, қалай ойлайсыз?

 

- Жабықтығына келсек, бір күні парламенттік сайлау қарсаңында біз «Хабардың» бағдарламалар кестесінен саяси көзқарастар өкілдерінің ашық әңгімесі үшін 4,5 сағат тікелей эфир бөлу туралы шешім қабылдадық. Не шықты? Көп орындық бос тұрды. Содан бері шақырылмағандармен келісу көбіне тиімді екенін білемін.

Камера мен микрофон аяусыз. Камера жақыннан көрсетеді, ал микрофон сөйлеушінің нашар сөзін, логика мен ойының жоқтығын, деректерінің күмәнділігін анық білдіріп қояды. Бұлыңғыр, «қудалауға ұшыраған» тұлға болып қалсаң, елеулі болып көрінген жеңілірек.

Маған ерік берілсе, бәріне сөз беретін едім. Бірақ эфирдің алдында ішкі келісім болуы тиіс – мұны жамандық мақсатында пайдаланба. Бұл үшін белгілі бір деңгейдегі саяси мәдениет керек, ал кейде ол мүлдем болмайды.

Шақырмау туралы айтатын болсақ, Лондонда бір қызық оқиға болды. Мен онда белгілі қазақстандық журналистермен бірге Би-Би-Си-де тәжірибеден өткен болатынмын.

Бір күні Сергей Дуванов қазір Лондонда тұрып жатқан Әкежан Қажыгелдиннің атынан біздің топты экс-премьермен әңгімелесу үшін мейрамханаға шақырды. Дуванов маған  «Володя, сен шақырылған жоқсың» деді.

Жоқ болса, жарайды. Мен ұйқыға жаттым. Түнде кеш оралған әріптесім мені оятып, Қажыгелдин Дувановтың мені өз бастамасымен шақырмағанын біліп қойып, бәрінің алдында сөгіс айтқанын жеткізді.

Міне, біздің арамыздағы саяси күрес осындай, бірақ ол Дуванов екеумізге бәрі ұйықтап жатқанда Кенсингтон бағында жүгіруге кедергі келтірмейтін.

 

- Қоймайын десем де, осы сұрақты қояйын – «Хабар» кімнің иелігінде болды және қазір кімдікі?

 

- Жауап берейін, мен саналы түрде бұған еш қызығушылық танытқан емеспін, маған бәрібір. Мен әрқашан жалдамалы менеджер болғанмын, мені ол жерде жұмыс істеуім үшін шығармашылық ыңғайлы ма деген сұрақ қана мазалайтын. Болды.

АндрейПлатоновтың«Сокровенном человек»(«Асыл адам туралы») шығармасындағыдай- «…мен бұл әлемде штаттан жоғары адаммын, ештеңеге мүше емеспін («я человек в этом мире сверхштатный и ничего не член»). Бұл мен туралы.

 

- Қазір«Хабарды»көресіз бе?

 

- Мен көп жылдар бойы өзіме ұнайтын National Geographic, Discoveryжәне ескі кеңестік фильмдер көрсететін ретро арналарды тамашалаймын. Жаңалықтарға келсек, Euronews арнасымен шектелемін.  

 

- Қазіргі кезде «Хабармен» қатынасыңыз қандай?

 

-Шағын шоу хабарым бар, бұл дүйсенбі және сейсенбі күндері «жаман» – түскі уақытта шығатын әңгімелесу бағдарламасы. Бұл – ағымдағы күннің бір кейіпкерімен тікелей эфирде жүргізілетін әңгіме. Жәния Әубәкірова, саясаттанушы және журналист Сұлтан Әкімбеков,  маэстро  Болат Аюханов қонақ болған…

 

-Демек, келесі дүйсенбіде кездескенше?

 

- Мен сізді 13:15-те экран алдында күтемін.


adimage