Владимир Стеблянко: Сүйікті перзент ешуақытта суицидке бармайды

Алматы. 15 ақпан. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Ойыншының суицидімен аяқталатын
«Синий кит» («Көк кит») интернет-ойыны эпидемия сипатына ие болуда. Құқық қорғау органдары күн сайын дерлік қазақстандық жасөспірімдерді осы күмәнді ермекке тартылуының жаңа деректері туралы хабарлап, «кураторлар» деп аталатындардың аккаунттарын бұғаттауда, өзін-өзі өлтіруге дейін апаруға әрекеттену деректері бойынша істер қозғауда.
ҚР психологтарының президенті, медициналық және психологиялық проблемалар орталығының директоры Владимир Стеблянко жасөспірімді үш мәселе дұрыс шешілгенде құтқаруға болады деп отыр: ойын авторлары мен оны таратушыларды жауапкершілікке тарту, ата-аналардың «ересектенуі» және мектеп психологтары қызметін қайта құру.


- Владимир Александрович, біздің сұхбатымызды ең басты мәселеден бастауға рұқсат етіңіз: қалайша жасөспірімдер ойын аяғында өзін-өзі өлтіруі соңғы тапсырма болатынын біле отырып, неліктен «Синий кит» ойынына тартылады?


- Меніңше теріс энергияны, ішкі агрессияны шашып жіберу үшін барады. Мысалы, жанкешті терроршылар болады, олар қордаланған агрессиясын сыртқа шашады, оларға жанкешті белбеуі тағылып, олар адам көп жиналған жерлерге барып, өзін-өзі жарады. «Синий китте» жағдай сәл өзгеше: агрессия адамның өзінің ішіне бағытталған. Әдетте ол ойынға теріс энергияға іштері толы балалар тартылады. Ол теріс энергияны адамдар алып жүру ауырлау және адамдар ондай энергиядан арылғысы келеді. Оның үстіне балалар көбінесе негативті энергиясын және агрессиясын басқара алмайды, сондықтан осындай қақпанға түсіп қалады.



-Негативтік энергия мен агрессияның қордалануына не әсер етеді? Басқаша айтқанда ойыншының психологиялық портреті қандай?



- Әдетте олар мейір-махабатқа қанбаған балалар. Ата-аналары ажырап кеткендердің балалары, немесе әу бастан-ақ бір ғана анасы болған, немесе ата-аналары үнемі ұрыс-керісте жүретін, әкесі шешесін баласының көзінше үнемі ұрып-соғатын отбасылардың балалары. Яғни балалар агрессивтік ортада өмір сүреді, сәйкесінше, негативті ақпаратты жинайды. Кейін оны шығарғысы келіп, қақпанға түсіп қалады, ал онда оны қалай іске асыруға болатынын көрсетеді. Алдымен қолын тырнап, оған ұстарамен көгілдір киттің суретін салу керек, одан ары сценарий бойынша. Тетік дәл осылай өрбиді.



- Бірақ полицейлер ойынға тартылған балалардың бір бөлігі тұрмысы жақсы, сырт қарағанда бақытты отбасылардан шыққанын айтып отыр ғой.


- Бақуатты, материалдық игіліктер жеткілікті отбасыларда ата-аналары бизнеспен айналысады және балаға онша көп көңіл бөлмейді, жылылық мейірім берілмейді, ойнамайды, балалар эмоциялық тұрғыдан шер тарқататын, жеңілдейтін аттракциондар паркіне апармайды. Осындай балалар, отбасында кемтарлық көрген бала «Көгілдір кит» сынды ойындардың торына түсіп жатады.



- «Көк кит» туралы айтқанда тағы бір нәрсені айтпауға болмайды – жасөспірімдердің интернетке тәуелділігін...


- Жасөспірім күнделікті социумда, тірі, адамдар арасында қызық таппаса, осындай ортада ол ешкіммен шүйіркелесіп, қарым-қатынас жасап үйренбесе, оны ешкім осы ортада қабылдамаса, ол виртуалдық кеңістікке кетеді. Онда оны ешкім де итермейді, керісінше, қызықтырады. Онда ол қандай да нәтижелерге қол жеткізетін, жеңіске жететін ойыншықтар бар, оған нақты мынау өмірге қарағанда сонда өмір сүру қызықтырақ болады. Осылайша интернет-тәуелділік туындайды.


- Бірақ барлық бірдей интернет-тәуелдінің ойына суицид туралы ой келе бермейді. Қазақстанда соңғы жылдары жасөсіпірімдер арасында суицидке ұрыну бұдан 15-20 жыл бұрынғыдан өте көп. Балалар басқа болып кетті ме? Қоғам ба?



- Бүгіндері ақпараттық орта өзгерді, өздеріне қол жұмсау оқиғасы кеңінен айтыла бастады, сондықтан олар, айталық, бұдан 20 жыл бұрынғыдан көп өсті ма дегенге келсек, оны дөп басып айту қиын. Ал проблема оның санында емес, олардың қоғамда орын алып отырғандығында. Егер бала отбасылық құрылымда өзін сүйікті, қорғалған түрінде сезінбесе, ол қаңбақ секілді. Және ата-анасынан берілетін мейір-махабатпен қанықпайды. Керісінше, ол өзін ешкімге керек емес, тастанды сезінеді. Онда өмірге деген көзқарас солғырт болып қалыптасады: маған мұндай өмір керек те емес-мыс. Және ол ақпарат оның түйсігінен тыс түкпірінде жатады. Ондай балалар шынымен де суицидке бейім болады.


- «Көк кит» авторларының психологиялық бейнесі де қызықты. Суицидалдық онлайн ойынды таратқанда ондай адамдар қандай пайда табады, мақсаттары не, олар кімдер? Прокурорлар, олардың өздерінің айтуынша, аң-таң болып, басы қатуда.



- Авторы, бәлкім, іші агрессияға толы дарынды жігіт болар, ол да іштегі құсасын осылайша сыртқа төгіп отыр. Ол да өзінің өмірде барлығын, мәні барлығын сезіну үшін осы үдеріске тартылған – қирату үдерісіне, басқаны өзін өлтіруге дейін жеткізуге тартылып отыр.
Пайдаға келсек, автор осы арқылы өзінің қандай да талантын іске асырып отыр. Сонымен қатар интернет-кеңістікте «лайк» арқылы пайда табуға да болатынын ұмытпау керек. Ол ойын едәуір кеңістікті қамтитынын ұмытпау керек. Сондықтан бұл жерде тек автор емес, сонымен қатар ойынды жасаған адам да, ол ойынды авторға ақша төлеп, сатып алып, өзінің ресурсына орналастырған адам да жауапты. Бұл жерде жауапты екі адам. Сондықтан акаунтты бұғаттау аз, біреуін өшірсеңіз ол екінші, үшінші жерде пайда бола береді. Ойынды жасап отырғандарды, және оны орналастыратындарды табу керек.



- Полицейлер басқа әдіс ұсынуда: ата-аналары балаларының қандай интернет-парақшаларға кіріп жүргенін тексерулері керек, балаларынан олар неге сонда кіргендерін сұрастырулары керек. Бірақ 12-14 жастағы жасөсіпірімдер тым әлпештей бергенді ұнатпайды, және ата-аналарының артық қамқорлығы оларды тұйық бола түсуге итермелеуі мүмкін. Балалармен бұл туралы қалай әңгімелессе болады?


- Мен өзімнің кәсіби жұмысымда ата-аналарының балаларымен әңгімелесуінде қалып отырғанына, балаларымен бірге өсіп, «ересектенбей» отырған осындай жағдайға жиі ұрынамын. Айталық, баланың жасы 13-те, ал ата-аналары онымен 8-9-дағы баламен сөйлескендей сөйлеседі. Ол әңгімелесу баланың жасына сай келмейді, сондықтан бала сұхбаттасудың ондай түрін теріске шығарып, қабыл алмайды. Ата-аналар күшпен оған ұнамайтын жаққа баланы сүйрейді. Сондықтан ата-аналар өсіп келе жатқан балаларының соңынан қуып жетіп отырулары керек, бұл өте маңызды. Мен ата-аналарды оған үйретуге тырысамын.
Қамқорлыққа келсек, ол әр түрлі болуы мүмкін. Баланы барғысы келмейтін жаққа тартуға да болады. Сонымен қатар өте қызық іске де тартуға болады. Немесе одан осы ойынды үйретуін сұрау керек. Ал жасөспірімге ата-аналарының осы жағдайға қалай әрекет ететіні қызықты болады. Яғни, зорлықтың орнына баламен бірге ойнай отырып, қосылып кету, қасында отыру арқылы баланы оған қызық жаққа тарту әдісін қолданған жөн. Сонда жасөспірімге ата-аналарымен осы бағытқа зорлықпен емес, бірге барған ұнайды.


- Ал сіз жекелеген әлеуметтік желілерді толығымен бұғаттау туралы не ойлайсыз? Басқаша айтсақ, ғаламтор кеңістігін түбегейлі тазарту?


- Мүмкін, жасау керек шығар, бірақ бұл өте қиын. Оңайы, жасөспірімнің қасында ересек адам болу керек – әкесі мен шешесі. Ата-ана баласы меңгерген кеңістікті үйреніп үлгеруі керек, және бастысы, оны сынға алып немесе ол туралы теріс пікір білдірмей, балаларының әуестіктеріне қызығушылық таныту керек - сонда олар өз білімдерімен, тәжірибесімен, желіде өздері тапқан қызықтарымен бөлісетін болады. Бұл – сындарлы қадам.

- Сондай-ақ, жасөсріпімдер ортасында бүгінде суицидальды жағдайдың алдын алуда мектеп психолыгының рөлі зор. Сіздің ойыңызша олардың рөлі қаншалықты зор? Бұған дейін мен сұхбаттасқан сіздің бірқатар әріптестеріңіздің олардың кәсібилігі туралы пікірі онша жоғары емес.

- Мектеп психологы деген қызметтің пайда болғанының өзі өте жақсы. Алайда тәжірибелі кәсіби білікті психологтың жалақысы 300 мың теңгеден кем емес. Ал мектеп спихологына 60 мыңнан жоғары төлемейді, мұғалімдерден төмен. Және бүгінде психолог мұғалімге теңестірілмеген, ол күзетші мен еден жуушыға теңестіріледі. Ол жерге жаңа институт бітірген жастар барады, ол жерде сондай жағдайда жұмыс жасаған олар шыдамай, жұмыстан шығып кетіп жатады.
Оның үстіне, психолгты бүгінде «тесікті жамауға» пайдаланады. Мұғалім ауырып қалды ма – психологты жібереді: бар балалармен сурет салып қайт. Психологиялық сипат тән емес басқа проблема болса да, психологты жібереді. Оны мамандығы сәйкес келсін-келмесін жібере береді. Оның үстіне ол тірі адам ғой, қазір осындай жағдай белең алып отыр, және оны қазір шешу керек. Бұл жерде білім министрлігіне мектеп психологының мәртебесі туралы нақты ойлану керек.

- Және соңғы: «Көк кит» атты ауруды емдейтн әмбебап дәрі бар ма?

- Ата-ана сүйіспеншілігі, қамқорлығы, қорғаншылығы, қызығушылығы және қолдауы – мен айтқан осы нәрселер. Бала өзінің отбасы құрылымындағы маңызды адам екенін, өзінің оның маңызды мүшесі екенін түсінуі керек. Сонда ол өз аяғымен нық тұрады. Және ондай жасөспірімді суицидке тарту мүмкін емес.

- Сұхбатыңызға рақмет!

adimage