Волейболдан Қазақстанның әйелдер командасы іріктеу турнирінде үшінші орынға ие болды

Астана. 13 қаңтар. ҚазТАГ - Волейболдан Қазақстанның әйелдер командасы іріктеу турнирінде үшінші орынға ие болды, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Волейболдан Қазақстанның әйелдер командасы іріктеу турнирінде үшінші орынға ие болды, мұнда Токиодағы Олимпиада ойындарына бір ғана лицензия сарапқа салынған еді. Біздің волейболшылар топтық кезеңнен сәтті өтіп (Иран мен Индонезияны жеңсе, Оңтүстік Кореядан жеңілді), жартылай финалға шықты (Таиландтан жеңілді), сөйтіп үшінші орынға ие болды. Қола медаль үшін бүгінгі матчтың қорытындысы бойынша біздің команда қытайлық Тайбэя волейболшыларын 3:1 (25-21, 22-25, 25-21, 27-25) есебімен жеңді», - делінген жексенбіде таратылған хабарда.
ҰОК нақтылағандай, Жапония астанасына баратын жалғыз жолдама үшін Таиланд пен Оңтүстік Корея командалары өзара бақ сынасатын болады.

adimage