WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассанж Лондон түрмесінен босатылып шықты

Астана. 25 маусым. ҚазТАГ- WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассанж Лондон түрмесінен босатылып шықты, деп хабарлайды BBC Русская служба.

«WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассанж сейсенбіге қараған түні жарияланған сот құжаттарына сәйкес, әскери құпияларды жариялағаны үшін кінәсін мойындап, босатылатын америкалық сот төрелігімен келісімге келуге дайындалып жатыр»,- делінген сейсенбі күні жарияланған ақпаратта.

Келісімге сәйкес, 52 жастағы Ассанжға ұлттық қорғаныс туралы ақпарат алу және жария ету үшін алдын ала сөз байласқан деген айып тағылады.

Ассанж 62 айға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, бұл тұста оның британдық түрмеде өткізген бес жылы есепке алынады, содан кейін ол бостандыққа шығып, Австралияға орала алады.

Фото көзі: Getty Images


adimage