WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассанжды лондондық полиция ұстады

Алматы. 11 сәуір. ҚазТАГ – Лондонда 2012 жылдан бері Эквадор елшілігінде тұрған WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассанж ұсталды, деп хабарлады лондондық полиция сайтына сілтеме жасаған novayagazeta.ru.
«Ассанжды қамауға алуға сот ордер берген. Полицейлер аталмыш ел WikiLeaks негізін қалаушысына пана беруден бас тартқаннан кейін Эквадор елшілігіне шақырту алған», - делінген мақалада.
Хабарда атап өтілгендей, Ассанж Лондондағы орталық полиция учаскесінде отыр, сол жерде ол сот алдына барғанға дейін қалады. Британдық полицейлердің айтуынша, сот жақын арада болады.
«Би-би-сиге» сілтеме жасалған хабарда атап өтілгендей, Ассанж «сексуалдық зорлау ісі бойынша Швецияға экстрадицияланудан қашып, елшілікте жеті жыл бұрын жасырынған, алайда ол қазіргі таңда тоқтатылды.

adimage