Қырғыз-қазақ шекарасындағы жағдай бүгін-ертең шешіледі – ҚР премьер-министрі

Күні: 11:26, 05-04-2019.

Алматы. 5 сәуір. ҚазТАГ - Қырғыз-қазақ шекарасындағы жағдай бүгін-ертең шешіледі, деп хабарлады Қырғыз телеграф агенттігі (ҚырТАГ).
«Бізді үкімет қырғыз-қазақ шекарасындағы жағдай бойынша үнсіз отыр деп кінәлауда. Мен Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминмен үш рет сөйлестім. Жарияға жар салмай шешетін мәселелер бар, оны асқан сақтықпен шешу керек. Қазіргі таңда Қырғызстан делегациясы Нұр-Сұлтанда жүр. Кеше олар Қазақстанның премьер-министрімен тағы да сөйлескен. Жағдайдың бүгін-ертең шешілетініне сенімдімін», - деді ҚР премер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев жұма күнгі үкімет отырысында.
Бұл ретте ол Қырғызстанның құқығы Еуразиялық экономикалық одақ құрамында сақталуы керек екенін, және үкіметтің одақ елдері мүшелерінің міндеттемелерін орындауын талап ететінін атап өтті.
Еске салсақ, 19 наурызда қырғыз-қазақ шекарасының БӨП-де Қырғызстаннан Қазақстанға бара жатқан үлкен жүк көліктерінің кептелісі байқалған еді. 1 сәуірде Ақ-Тілек қырғыз-қазақ шекарасында 300-ге жуық үлкен жүк көліктерінің тұрғаны хабарланды.
Қырғызстан көліктердің бұлай тұрып қалуын Қазақстан тарапынан бақылау мен тексерудің күшейтілгенімен байланыстырады. Қырғыз тарапы аталмыш шаралар КО мен ЕАЭО ережелерінің бұзылуы, деп санайды және аталмыш мәселені шешу үшін ЕЭК министрлерін шақыртуды ұсынды.
4 сәуірде белгілі болғандай, ҚР кеден қызметінің басшысы Алмаз Оңалбековтың қырғыз-қазақ шекарасындағы жағдайға байланысты Астанаға Қазақстанның кеден қызметінің басшысымен кездесу үшін ұшып шыққаны белгілі болды.


Жаңалықтармен бөлісу: