«Ақтөбеде дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт кешенінің құрылысы тоқтап тұр»
Ақтөбеде дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт кешенінің құрылысы үш жылдан бері тоқтап тұр. Облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы құрылыс материалы қымбаттап, қайта жобалауға тура келгенін айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Ақтөбе қаласы Алтын орда ауданында екі қабатты зәулім спорт кешенінің құрылысы тоқтап тұр. Жобаның құны – Т1,7 млрд.
«Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің нәтижесіне сәйкес «Интерстиль» ЖШС-і 2021 жылдың 18 маусымы күні құрылыс – монтаж жұмысын бастады. Нысанның жалпы сомасы – Т1,7 млрд асады. Бүгінгі күні игерілген қаржы – Т706 млн астам. Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобалық-сметалық құжаттамаға түзету жұмыстары жүргізіліп, сараптамасының оң қорытындысы алынды. Нысанды 2025 жылы пайдалануға беру жоспарлануда», - деп Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы «ҚазАқпарат» тілшісінің сауалына жауап берді.
Қазақстанда әскерге 20 жастан бастап шақыру ұсынылды
Қазақстандықтар мерзімді әскери қызметке шақыруды 18 жастан 20 жасқа дейін көтеруді ұсынды. Тиісті петиция ePetition.kz ресми порталында пайда болды, деп хабарлайды Turkіstan.
Өтініште басты назар психологиялық және физикалық жетілуге бағытталған. Петиция авторларының айтуынша, 20 жасқа қарай жастар үлкен төзімділікке ие болады, бұл оларды әскери қызметке дайын етеді. Ал 18 жаста әскерге шақырылатындар Отан қорғаудағы ауыр міндеттерді орындауда қиындықтарға тап болуы мүмкін.
Сондай-ақ авторлар 18 жастан асқан көптеген жастардың орта арнаулы білім алуын жалғастырып жатқанын атап өтті. Осы кезеңде әскери қызметке шақыру оқу процесін бұзуы мүмкін, бұл олардың болашақ кәсіби дамуына кері әсерін тигізеді.
Петицияға қол қойғандар әскерге шақыру жасын 20 жасқа дейін көтеру әскери қызметтің жақсаруына, жастардың мүддесін қорғауға және еліміздің қорғаныс жүйесіне оң өзгерістер әкелетініне сенімді.
«Бетінен екі рет қамшымен ұрды»: Қырғыз журналисі көкпар бойынша ренішін білдірді
Астанада өтіп жатқан Көшпенділер ойындарына келген қырғызстандық журналист Бексұлтан Үсеналиев көкпар бойынша финалға шыққан Қазақстан-Қырғызстан құрамалары арасындағы матч бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Өкінішке орай, бірінші тайм екі құрама көкпаршыларының арасындағы жағдай арқылы ойынға көлеңке түсіреді. Біздің көкпаршы Кубанычбек Султанұлының бетінен екі рет қамшымен тартып жіберді. Оған судьялардан ешқандай реакция болған жоқ. Біздің көкпаршылар әрі қарай ойынды жалғастырмаймыз деп шешті», – деді ол.
Үсеналиевтің айтуынша, федерация басшысы жағдайды шешу үшін судьяларға барған.
«Көкпаршылар кетіп бара жатқанда, федерация басшысы судьяларға барып, жағдайды анықтай бастады. Бұл спорт үшін қалыпты жағдай. Біз осы сәтті камераға түсіре бастағанда, бізді қуды», – дейді журналист.
Еске салайық, бүгін көкпардан финал өтті. Онда Қазақстан құрамасы Қырғызстан құрамасын жеңді. Жанжал мен төбелеске ұласқан матч 5:4 есебімен аяқталды.
«Әділетсіздік осыншалық деңгейде болады деп ойламадық – қырғыз көкпаршысы»
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында күміс медаль алған қырғыз көкпаршыларының жетекшісі Ерлан Әбдіғаппаров жарыс қорытындысымен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Әділетсіз болатынын білгенбіз. Бірақ мұншалықты деңгейде қазақтың тақымына бастырып, ысқырып, қазақтың көкпаршыларына 4 салым салдырып, осындай әділетсіздік болады деп ойлаған емеспіз», - дейді Қырғызстан спортшысы.
Фото көзі: qazaqstan.tv