Қырғыз оташылары бауыр ауыстыру бойынша алғашқы операцияларын өткізді

Күні: 16:12, 06-11-2014.

Алматы. 6 қараша. ҚазТАГ – Қырғызстанда алғаш рет бауыр ауыстыру операциясы жасалды, деп хабарлады ҚырТАГ.
«Қырғыз Республикасында алғаш рет бауыр ауыстыру операциясы жүргізілді. Ота 20 сағатқа жалғасты. Бұл қиынға соққан операция біздің дәрігерлердің қолымен жасалды», - деп хабарлады арнайы емхананың бас дәрігері Марат Сағынбаев бейсенбіде.
Оның айтуынша, пациентке басқа елдерде операция жасалмақ болған, алайда ондай отаның құны $120 мыңға дейін жететін.
«Құрылғы, дәрі-дәрмек жетеді. Персонал біздікі. Бұл операцияға біз 5 жыл дайындалдық», - деп толықтырды ол.


Жаңалықтармен бөлісу: