Алматы. 18 наурыз. ҚазТАГ – Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тұрақты, тараптардың келіссөздері жалғасуда, деп хабарлады дүйсенбіде Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметінің қоғаммен және БАҚ-пен байланыс бөліміне сілтеме жасаған ҚырТАГ.
«Қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасы бөлігіндегі жағдай жалпы тұрақты. Демалыс күндері шекара маңы аудандарында қақтығыстар мен адамдардың шоғырлануы тіркелген жоқ», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
ҚР вице-премьер-министрі Жениш Раззаков ҚР мемлекеттік шекара қызметінің, ҚР ІІМ басшыларымен, облыстық әкімшілік басшыларымен бірге Баткен облысында жүр. Бүгін Қырғызстан мен Тәжікстан тараптары делегациясының шекарадағы жағдайды реттеу бойынша келіссөздер процесі жалғасады.
Исфара-Ворух (ТР) және Баткен-Лейлек (ҚР) жолдары әлі жабық.
Қырғыз республикасының мемлекеттік шекара қызметі құқыққорғау органдарымен бірге және жергілікті өзін-өзі басқару өкілдерімен шекара маңы аудандарындағы тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Қырғыстанның шекара бөлімшелері қырғыз-тәжік мемлекеттік шекара бөлігінде күшейтілген тәртіпте жұмыс жасап жатыр.
Еске салсақ, Баткен облысы Баткен ауданындағы қырғыз-тәжік шекара бөлгіндегі қақтығыс 13 наурызда басталды. Қақтығыс барысында ҚР үш азаматы зардап шеккен, тәжік тарапы бір азаматының мерт болғаны туралы хабарлады. Сенбі күні Қырғызстанның ІІМ шекарадағы жағдайдың тұрақталғаны туралы мәлімдеді.
Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс: қазір не болып жатыр
