Алматы. 3 қараша. ҚазТАГ – Қырғызстан Қазақстанмен шекарадағы бірқатар БӨБ мәртебесін «халықаралық» деп өзгертуді ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚырТАГ.
«Ақжол» және «Чалдовар» өткізу бекеттері өте жүктелген, орташа есеппен бұл бекеттерден күн сайын Қырғызстан және Қазақстанның 15 мың-25 мың азаматы өтеді», - деп хабарлады Қырғыз Республикасы мемлекеттік шекаралық қызмет төрағасының орынбасары Абдикарим Алимбаев дүйсенбі күні қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында.
Оның айтуынша, «Ақжол» мен «Чалдовар» өткізу бекеттерінен жүктелімді шешу үшін Қырғызстан 2003 жылы шекарадағы өткізу бекеттері туралы Қазақстанмен арадағы үкіметаралық келісімге өзгертулер енгізу бастама ретінде көтеріліп отыр. Атап айтқанда, «Кен-Булун-көлікжол», «Ахуатты-көлікжол», «Токмақ-көлікжол», «Сартөбе-көлікжол» өткізу бекеттерінінің мәртебесін «халықаралық» деп өзгерту ұсынылуда.
Қарау қорытындысы бойынша депутаттар хаттама жобасын мақұлдап, аталған шешімді ҚР мемлекеттік шекаралық қызметке жөнелтті.
Қатысты сілтемелер
-
АҚШ азаматы Юлия Гагаркинадан Бурабайдағы клиника ғимараты мен "Лексус" тәркіленді5 Маусым 2023, 19:17
-
Қамауда отырған Қайрат Сатыбалды Алматының орталығынан қонақүй сатып алды5 Маусым 2023, 19:00
-
Қазақстан ОАӨЭЫ институтын құру туралы келісімді ратификациялады5 Маусым 2023, 18:51