Қырғызстан Кеден одағында Қытай тауарларын реэкспорттауды жалғастырады, бірақ енді Еуропаға

Күні: 11:56, 23-10-2014.

Алматы. 23 қазан. ҚазТАГ - Қырғызстан Кеден одағы аймағында Қытай тауарларын реэкспорттауды жалғастырады, бірақ енді Еуропаға, деп хабарлады ҚырТАГ.  
«Егер КО-ға кірсек, онда Қытайдың Еуропаға бағыттағысы келіп отырған үлкен жүк ағынына кіреміз. Мүмкін тауарларын бірден Торугарттан алып кетіп, КО мен Еуропа елдеріне шығарғысы келетін  ресейлік бизнесмендер де қызығушылық танытар», - деп хабарлады ҚР тасымалдаушылар қауымдастығының төрағасы Темірбек Шабданалиев бейсенбіде.  
Оның айтуынша, Қырғызстан тағы бір себеп бойынша импорт үшін негізгі қақпа болуы мүмкін. Себебі Торугарт Қазақстандағы осыған ұқсас басқа өткізу пункттеріне қарағанда барынша жақсы жабдықталған.  
«Мысалы, Дружба- Алашаңқай теміржол қосыны, онда жолдардың сәйкес келмеуіне және инфрақұрылымның жетілдірілмеуіне байланысты вагондар 2-3 айлап тұрады. Хоргос автокөлік өткізу пункті де үлкен көлемге әлі келмейді және Торугарттан қалып қояды», - деп толықтырды ол.


Жаңалықтармен бөлісу: