Қырғызстанда қар барысының саны күрт азайып барады

Күні: 11:16, 23-10-2014.

Алматы. 23 қазан. ҚазТАГ – Қырғызстанда қар барысының саны күрт азайып барады, деп хабарлады ҚырТАГ, Қырғызстандағы NABU (Nature and biodiversity conservation union) филиалының директоры Толкунбек Асыкуловқа сілтемелеп.  
«Егер 80-ші жыл басында елдегі қар барыстарының жалпы саны 1 мың 400-дей болса, 2000-шы жылдан бастап олардың саны 150-200-дей ғана болып қалды», - деді Т. Асылқұлов бейсенбі күні қар барысы күніне арналған шара барысында.
Оның айтуынша, 2013 жылы қар барысы мекен ететін елдердің өкілдерінің, халықаралық ұйымдар мен экологиялық қозғалыстар өкілдерінің  қатысуымен өткен Дүниежүзілік форум дүниежүзіндегі қар барысы популяциясын қорғау бағдарламасын қабылдаған болатын.  
Т.Асыкулов атап кеткендей, ол бағдарлама 7 жылға, 2020 жылға дейін есептелген. Қазір Қырғызстанда 300-дей ғана қар барысы бар екен.
Еске салсақ, қар барысының мекен ететін ареалы Орталық, Шығыс және Оңтүстік Азиядағы 12 елге таралған. Қырғызстан осы аумақты ареалдың ортасында орналасқан және ареалдың оңтүстік пен солтүстік арасындағы маңызды экологиялық дәліз болып отыр.
NABU (Nature and biodiversity conservation union) - «Солтүстік Тянь-Шань тауларында биоәркелкілікті сақтау саласындағы трансшекаралық ынтымақтастық» бағдарламасын жүргізіп отырған Германияның табиғатты қорғау ұйымы. Оған 520 мыңдай мүшелері мен демеушілері бар.
Қар барысының дүниежүзілік күні 23 қазанда аталып өтіледі.


Жаңалықтармен бөлісу: