Қырғызстанда болған жер сілкінісінің афтершоктары әлі бірнеше аптаға созылады - сейсмологтар

Алматы. 14 қараша. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Қырғызстанда болған жер сілкінісінің афтершоктары (жел сілкінісінен кейінгі қайталанатын дүмпулер) әлі бірнеше аптаға созылады, деп мәлім етті ҚР сейсмология институтының директоры Таңатқан Абақанов.
«ҚР-дағы жер сілкінісі мен оның афтершоктары әлі бірнеше аптаға созылуы мүмкін. Бірақ қазір афтершоктар әлсіреп келеді», - деді Таңатқан Абақанов жұма күнгі брифингте.
Бұл ретте ол алдағы 5-7 жылда осы өңірде күшті жер сілкінісі болуы мүмкіндігін атап өтті.
«Ұзақ мерзімдік болжам туралы айтсақ – біз алдағы 5-7 жылда күшті жер сілкінісі болатын учаскелерді бөліп қарап отырмыз. Жер қыртысында кернеулік бар жерлерді бөліп отырмыз», - деді Т. Абақанов.
Бұл ретте сейсмологтар орта мерзімді келешекке жер сілкінісіне қатысты ешқандай болжам айта алмады.
Еске салсақ, қазақстандық сейсмологтар 14 қарашада 07.24 сағатта Алматыдан 130 км оңтүстікте, Қырғызстан аумағында жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің магнитудасы 3-4 балл болды. Қирандылар туралы мәліметтер келіп түскен жоқ. Қаланың барлық шұғыл қызметтері штаттық режимде жұмыс атқаруда. Алматы ТЖ департаменті әкімшілікпен бірге сейсмикалық белсенді аймақтарда ғимараттар мен құрылғыларды тексерукден өткізуде.

adimage