Қырғызстанда жас дәрігерлер мен бағдарламашылар керемет қозғалмалы протез ойлап тапты

Алматы. 23 қазан. ҚазТАГ – Қырғызстанда жас дәрігерлер мен бағдарламашылар керемет қозғалмалы протез ойлап тапты, деп хабарлады ҚырТАГ.  
«Дайындау процесі үш жыл бұрын басталды, соның соңғы тоғыз айында жұмыс өте көп болды. Біздің жобада екі бағдарламашы мен төрт дәрігер жұмыс жасап жатыр.  Сондай-ақ, бізге студент дәрігерлер де көмектесуде.  Қазір біздің протезімізді үш адам сәтті пайдаланып жүр», - деді өнертапқыштың бірі, дәрігер-микрохирург  Урмат Алыбаев.
Оның айтуынша, бір протезді дайындауға орта есеппен бір ай кетеді және ол бағасы жағынан да батыстық баламаларына қарағанда барынша арзан.
«Әлемге танымал беделді фирмалардың протездерінің құны  $17 мыңнан $70 мыңға дейін барады, ал біздің протездер орта есеппен күрделілігіне қарай  $2 мың тұрады. Біздің протездерде саусақтарды қысу, ашу қызметтері бар, бұл адамға ең қажетті қимылдарды жасауға мүмкіндік береді. Оған қоса көлік айдау режимі де бар. Әрине, біз протездің мүмкіндіктерін әлі де жетілдіретін боламыз», - деді  У.Алыбаев.

adimage