Алматы. 9 тамыз. ҚазТАГ – Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев ұсталып, ҚР мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) тергеу изоляторына қамауға алынды, деп хабарлады Қырғыз телеграф агенттігінен.
«Атамбаев ұсталып, МҚҰК ТИ қамалды. Ұсталған Атамбаевқа қатысты бұлтартпас шарасын тағайындау бойынша соттың көшпелі отырысы МҰҚК мекемесінде өтті. Первомай соты шешім шығарды – тергеу амалдары кезінде 26 тамызға дейін қамауда ұстау», - деді адвокат Сергей Слесарев.
Еске салсақ, 7 тамыз күні кешкісін Шу облысы Аламадун ауданы Қой-Таш ауылында Атамбаевты ұстау бойынша арнайы операция басталған еді. Атамбаевтың жақтастары қарулы қарсылық танытқан, жалпы 40-тан астам адам зардап шеккен. Арнайы жасақ жауынгерінің біреуі оққа ұшты. Шу облысы МІІБ бастығының жағдайы ауыр халде қалып отыр.
Жағдайға түсінік берген ҚР президенті Жээнбеков, «егер кешегі күнге дейін Атамбаевты тергеушіге куәгер ретінде шақырса, енді оған аса ауыр қылмыс бойынша күдікті ретінде қарайтын болады» деді.
Жогорку Кенеш 27 маусымда Атамбаевты экс-президент және қол сұғылмаушылық мәртебесінен айырды. Оған депутаттық комиссия қорытындысы негіз болды. Олар Атамбаевқа алты тармақ бойынша айып тақты, оның бесеуін бас прокуратура мақұлдады.
Атамбаевты бес эпизод бойынша жауап алу үшін ұстауға тырысуда: заңдағы ұры А.Батукаевты босату дерегі бойынша; Қой-Таш ауылында Атамбаевтың үйі орналасқан жер теліміне қатысты; экс-президенттің салықтық декларациясы бойынша; «Бішкек қаласының ЖЭО жаңғырту» жобасын дайындау, қол қою және жүзеге асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық; Бішкек ЖЭО-ға заңсыз көмір жеткізуге және «Рассвет Компани» мен «Прогресс Компанидің» қосылуына Атамбаевтың қатыстылығы дерегі бойынша.
Атамбаевтың өзі тағылған айыптардың бірде-бірін мойындамады және оны ұстауға тырысқан жағдайда қорғануға ниетті екенін мәлімдеді. «Менің атыма жазылған қаруым бар», - деп мәлім етті Атамбаев.
Атап өтелік, Атамбаев үш рет түсінік беруден бас тартқан.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясына қатысу үшін Қытайға келді28 Наурыз 2024, 09:22
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде жауын- шашын күтіледі28 Наурыз 2024, 09:03
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34