Алматы. 4 қараша. ҚазТАГ – Ош қалалық сотының шешімімен Қырғызстанның оңтүстігінде 2010 жылғы оқиғаларды ұйымдастырушылар өмір бойына сотталды, деп хабарлады ҚырТАГ.
«Ош қалалық сотының 2014 жылғы 23 қазандағы үкімімен Қырғызстанның оңтүстігінде Ошта, Ош және Жалал-Абад облыстарында 2010 жылғы маусымдағы оқиғаларды ұйымдастырушылар Кадыржан Батыров, Ином Абдурасулов өмір бойына бас бостандығынан айрылды, ал Карамат Абдуллаев – 16 жылға сотталды», - делінген ҚР бас прокуратурасының сейсенбі күні таратқан хабарында.
Еске салсақ, қырғыздар мен өзбектердің арасындағы этнос аралық қақтығыстар 2010 жылы Қырғызстанның оңтүстігінде 10-13 маусымда орын алған. Ресми дерек бойынша, қақтығыс кезінде барлығы 893 адам өлтіріліп, 1500-ден астамы жарақаттанды.
Қатысты сілтемелер
-
Алматыдағы өрттен кейін тағы екі адам ауруханаға жеткізілді30 Қараша 2023, 12:43
-
Алматыда хостелде өрт шығып, 13 адам мерт болды30 Қараша 2023, 12:34
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар жауады деп күтілуде30 Қараша 2023, 09:08
-
Серік Жарасбаев туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды29 Қараша 2023, 18:19
-
Алматыда 460 көшетті жойылды: полиция күдіктілерді ұстады29 Қараша 2023, 17:11