Қыркүйек айында қазақстандық экспорт 3,2% арзандап, импорт 0,7% қымбаттады

Астана. 12 қараша. ҚазТАГ – 2014 жылғы қыркүйекте тамызбен салыстырғанда Қазақстаннан экспортталатын тауарларға баға 3,2%-ға төмендеді, импортталатындарға – 0,7%-ға жоғарылады, деп көрсетілген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің жариялаған хабарында.
Статмәліметтерге сай, экспорттық жеткізілімдерден бағаның бір айда түсті және қара метал кендеріне – 13%, табиғи газға – 11,3%, қара металдар илегіне – 5,6%, портландцементке – 4,1%, мұнай өнімдеріне – 3,7%, көмірге – 2,2%, мұнайға – 0,4%-ға төмендеуі, олардың газ конденсатына – 15%, қорғасынға – 9,6%, сұйытылған пропанға – 8,8%, алюминийге – 4,3%, мырышқа – 3,2%-ға жоғарылауы белгіленді. Баға мақтаға – 13,2%, бидайға – 4,8%-ға төмендеді, арпаға және жүнге – 1,6%-дан жоғарылады.
Импорттық түсімдерден кофе – 29,8%, көкөністер – 10,2%, құс еті – 6,6%, темекі – 6,4%, шұжық өнімдеріне – 2%-ға қымбаттады, макарон өнімдеріне – 14,8%,  шай – 9,5%, күріш – 6,9%, сүт өнімдері – 6,2%, балық – 4,3%, жемістер – 2,9%, өсімдік майы – 1,4%-ға арзандады.

adimage