Қыркүйек айында қазақстандықтардың жан басына шаққандағы орташа атаулы табыстары жылдық көрсеткіште 9,8%-ға артты

Астана. 10 қараша. ҚазТАГ – 2014 жылғы қыркүйекте халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары алдын ала берілген деректер бойынша 61 345 теңгені құрап, 2013 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,8%-ға артты, деп көрсетілген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің дүйсенбі күні таратқан хабарында.
Статмәліметтерге сай, 2014 жылғы қыркүйекте халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының көлемі бойынша Атырау облысы, Алматы және Астана қалалары алдыңғы қатарда, мұнда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,1-1,8 есеге артық.
2014 жылғы қыркүйекте табыстары ең төмен өңірлер қатарында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері республикалық деңгейден 22-38%-ға төмен. Сонымен бірге, халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны Маңғыстау облысы мен Астана қаласында белгіленді.
2014 жылғы қыркүйекте өңірлер бойынша атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төмен мөлшерлері арасындағы арақатынас 3,3 есені құрады (2013 жылғы қыркүйекте – 3,3 есе).

adimage