Қыркүйекте ЕДБ тұтынушылар кредиті Т64 млрд өсті – ҚР Ұлттық банкі

Алматы. 27 қазан. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қыркүйекте екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) тұтынушылар кредиті Т64 млрд өсті, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық банкі.
«2020 жылдың қыркүйегінде тұтынушылық мақсатта банктердің халыққа берген кредиті Т63,9 млрд. немесе тамыздағы көрсеткішке қарағанда 19%-ға өсіп, Т393 млрд дейін жетті», - делінген ҚР Ұлттық банкі ресми сайтындағы хабарда.
Қысқамерзімді кредиттер 4%-ға өсіп, Т26,5 млрд. дейін, ұзақ мерзімділері – 21%, Т366 млрд. дейін өсті.
Банктер берген тұтынушылық мақсаттағы қысқамерзімді кредиттер бойынша сыйақы жарналары - 20,5%, ұзақмерзімді кредиттер бойынша – 20,7% болды.

adimage