Қырым-татар халқы мәжілісінің мүшесі Риза ШЕВКИЕВ: БІЗ ҚЫРЫМ РЕФЕРЕНДУМЫНА БОЙКОТ ЖАСАЙТЫН БОЛАМЫЗ

Алматы. 15 наурыз. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қырымның Ресей федерациясына қосылуы туралы референдум 16 наурызға белгіленген. Алайда бұл автономды республиканың халқы қосылу идеясын ғана емес, референдумның өзін де қолдамайды. Неге Қырым татарлары референдумға бойкот жасауға ниетті екендері туралы ҚазТАГ агенттігіне қырым –татар халқы мәжілісінің мүшесі Риза Шевкиев әңгімелеп береді.

 

- Риза Февзиевич, Қырымдағы қазіргі жағдай қалай?

 

- Жағдай мынадай: тұрғындардың ресейліктерді жақтайтын бөлігі мен Қырым үкіметі референдумға белсенді түрде дайындалып жатыр. Тұрғындардың қалған бөлігі, оның ішінде қырым-татар халқы референдумға бойкот жасаймыз, біз оған қатыспаймыз. 14 наурызда сағат екіден бастап төртке дейін бізде сағаттық акция өтті. Қырым  жолдарының шетінде қолдарына украиналық, қырым-татарлық жалаулары бар адамдар тізіліп тұрып, «Қырым-бұл Украина» деген және басқа да ұрандарды айтты.

Қырымда ресейлік әскерлер әлі бар. Біз Симфорополь әскери бөліміне барып, Ресей әскерінің қоршауында қалған украиналық әскерлерге азық-түлік түрінде гуманитарлық көмек көрсеттік. Ресейліктер күзетіп тұр, тіпті украиналық әскерилерге уақытша шығып, қайта қіруге де рұқсат бермейді (келісім –шартқа отырғандарынан басқа). Міне, жағдай осындай.

 

- Жергілікті тұрғындарға нақты қандай да бір қысым көрсетушіліктер бар ма? Қырымда бар ма  осындай проблема?

 

- Ондай проблема бар, алайда Қырымда, Құдайға шүкір, әзірге ашықтан-ашық қарсылық көрсетулер боған жоқ. Бәрі сақтықпен жүр. Бірақ бұл жақта жасыл форма киген адамдар жүр. Олар осы жақтан жиналған орыстар және басқа өңірлерден әкелінгендер, негізінен Ресейден. Олардың киімдерін ауыстырған, сондықтан олар осындай жасыл киіммен жүр. Ондағы қару-жарақтар білінбейді. Бірақ олар өздерінде тапаншаның да және оның рұқсаттарының да барын айтуда. Қаланың кейбір жерлерінде, шалғайдағы аудандар мен ықшам аудандарда сол жақты күзетіп жүрген автоматшылар бар. Оларда да қандай да бір белгі жоқ  және олардың да қарулары бар. Бұл да жағдайды ушықтырып отыр, себебі олардың қашан, қай уақытта, кімнің бұйрығы бойынша атысты бастайтындары белгісіз.

Бүгінгі күні орыс тілді тұрғындар да абыржулы, біздің телевидениеде көрсетілген сауалнамаға сәйкес, кырымдықтардың көбінің Ресейге қосылғылары келмейді. Алайда Ресей өз айтқанынан қайтар емес. Атап айтсақ, бүгін тіпті кейбір банктер де өз клиенттерін дүйсенбіден бастап төлемді рубльмен қабылдайтындарын ескерткен. Референдум әлі өткен жоқ, ал мынадай жағдайдар белсенді түрде енгізілуде, Қырым Ресейдің құрамына кіріп те кеткендей. Барлық заңдар, барлық мемқұрылымдар, барлығы ресейлік жағдайға қарай ауыстырылуда.

 

- Егер референдумға қарсы топ бойкот жасайтын болса, кейін көпшіліктің даусы жеңіске жеткен болады. Неге сіз де барып, дауыс бергіңіз келмейді?

 

- Бізде біздің дерек көздерімізден референдум нәтижесі шығарылды, жариялауға дайын деген ақпарат бар. Тіпті референдум нәтижесі бойынша Ресейге қосылу үшін жиналған дауыстың 74% болатындығы туралы да. Яғни мұның бәрі қазір Ресей тарапынан жүргізіліп жатқан ақпараттық шабуыл секілді қолдан жасалады.

 

- Халықаралық бақылаушылар қанша адамның келгенін және нәтижесінің қандай болғанын тіркейді. Референдум қорытындысына қарсылық білдіресіз бе?

 

- Біз референдум өткізу туралы шешім заңсыз қабылданған деп санаймыз.Украина заңдарында аумақтық мәселе жөніндегі референдумды автономды республика өткізсін деген жоқ. Тіпті әлемдік тәжірибеде де автономды республикалардың мұндай шешім қабылдағандығы туралы жоқ. Сондықтан біз басынан бастап референдумды қолдаған жоқпыз, оның үстіне оның нәтижесі қолдан жасалады және референдум нәтижесін қолдай да, қарсылық білдіре де алмаймыз.

Ал халықаралық байқаушылар…. Ресейлік телевидениеде халықаралық байқаушылар болады деп жатыр, ал біз ЕҚЫҰ өкілдерін Қырымға кірер жерде тоқтатып, республика аумағына өткізбей жатқанын, журналистердің камераларын тартып алып жатқанын көріп отырмыз. Бір жағынан байқаушыларды күтіп отыр, ал бір жағынан оларды өткізбей жатыр. Біз қырым татарлары - Қырымның түпкілікті халқымыз. Орыс тілді көпшіліктің Ресейді қолдайтын әрекеттеріне қатыспаймыз және оны мойындамаймыз.

 

- Ал Түркия, Орталық Азия, Татарстан тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр ма?

 

-Премьер министрі Реджеп Эрдоганның атынан Түркия қырым татарларын қиындыққа тастамайтындарын мәлімдеді. Татарстаннан да өкілдер келіп, мәжіліс төрағасымен кездесу өткізді. Екі күн бұрын біздің ұлттың көш басшысы Мустафа Джемилев Татарстан мен Мәскеуге барды, Татарстанның экс президенті Минтимер Шаймиевпен кездесті, Путинмен жарты сағат телефон арқылы сөйлесті. Мустафа Джемилев біздің Украинаның аумақтық тұтастығын жақтайтынымызды және Ресейге өтпейтінімізді айтқан. Міне әңгіменің қорытындысы осындай болған. Еуроодақтың барлық елдері мен Америка Украинаның аумақтық тұтастығын жақтайды және олар да басынан бастап бұл референдумды мойындаған жоқ.

 

- Ал Украинаның қазіргі билігі қандай да бір көмек көрсетіп жатыр ма?

 

- Украинаның қазіргі билігі, өкінішке орай, әлі жеткілікті деңгейде қалыптасып үлгерген жоқ. Белгілі болғандай олар бізге көмектесуге қауқарсыз. Ресейлік әскердің қоршауында қалған олардың әскеріне біз материалдық көмек көрсетіп жатқанда, олар туралы не айтуға болады…

 

- Егер референдум өтсе және оның нәтижесі сіз айтқандай болса, сіздің әркетіңіз?

 

- Біз өзіміздің ұлттық съезіміз - құрылтайды шақырамыз. Және оның шешімін бүкіл әлемге жариялайтын боламыз. Ал оның шешімі қандай болатынын  құрылтай қорытындысы көрсетеді.

 

- Сұхбатыңызға рақмет!


adimage