Ыстамбұлға бет алған SCAT ұшағы бұрылып, Ақтауға қонды

Ақтау. 30 қараша. ҚазТАГ - Ыстамбұлға ұшқан Scat әуе компаниясының ұшағы бұрылып, Ақтауға қонды, деп хабарлайды «Лада».
«Ақтау-Стамбул» бағытымен ұшып шыққан SCAT авиакомпаниясының борты бұрылып, жөнелту әуежайына бет алды», - деп хабарлады дүйсенбіде авиакомпанияның байланыс орталығы.
Әуе тасымалдаушысы көрсеткендей, ұшақтың кері қайтарылуы бортта болған баланың денсаулығының нашарлауына байланысты болды.

adimage