Ыстық Көл облысында тік ұшақтың құлауы туралы істі тергеу уақытында 23565 ә/б командирі қызметінен шеттетілді

Алматы. 19 қыркүйек. ҚазТАГ – Ыстық Көл облысында  тік ұшақтың құлауы туралы істі тергеу уақытында 23565 ә/б командирі қызметінен шеттетілді, деп хабарлады  ҚырТАГ.
«Әуе қорғаныс күштері авиабазасының №23565 әскери бөлімінің командирі Сапарәлі Бекмұрзаев пен оның орынбасары Владимир Верещагинді Ыстық Көл облысындағы Ми-8 МТВ әскери тікұшағының құлауы туралы істі тергеу уақытында қызметтерінен босатылды», - деп хабарлады сәрсенбіде ҚР Қарулы күштері бас штабының баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, 9 шілдеде Ыстық Көл облысындағы Оңтүстік Энильчек алаңында Әуе қорғаныс күштері тік ұшағы апатқа ұшыраған болатын.  Жанынан соққан желдің салдарынан тік ұшақ қонып жатқанда сол жағына қарай құлаған. Үш әскери қызметкер мен үш турист зардап шеккен.  

adimage