Алматы. 2 шілде. ҚазТАГ - «Ыстық-Көл» әуежайы биылғы турмаусымында Алматыдан келген алғашқы ұшақты қарсы алды, деп хабарлады Қырғыз телеграф агенттігінен (ҚырТАГ).
«Халықаралық «Ыстық Көл» әуежайы кеше, 1 шілдеде, жазғы туристік маусымдағы алғашқы Алматы –Тамшы - Алматы бағытындағы рейсті қарсы алды. (…) Алғашқы 74 жолаушы заманауи канадалық Bombardier Q400 NextGen авиалайнерімен ұшып келді», - деп хабарлады ҚР көлік және жол министрлігінің баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, 20 маусымда Qazaq Air авиакомпаниясының баспасөз қызметінде Ыстық-Көл көлі танымал курорттық бағыты бойынша жазғы чартерлік бағдарламаның іске қосылғаны туралы хабарлаған еді. Алматыдан Қырғыз Республикасы Тамшы ауылында орналасқан халықаралық «Ыстық Көл» әуежайына ұзақтығы 40 мин. астам уақытты құрайтын тікелей ұшулар 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап дүйсенбі және жұма күндері жүзеге асырылатын болады деп хабарланған еді.
«Ыстық-Көл» әуежайы биылғы турмаусымындағы Алматыдан келген алғашқы ұшақты қарсы алды
