Ыстық, найзағай және жел салдарынан Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 21 маусым. ҚазТАГ – Ыстық, найзағай және жел салдарынан Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«23-24 маусымда Атырау, Манғыстау, Актөбе облыстарының кей жерлерінде, 24 маусымда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық 40-43 градус күтіледі», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.
Сонымен қатар хабарланғандай, 22 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с. Нұр-Сұлтан қ: таңертең және күндіз 22 маусымда найзағай күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15 м/с.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.

adimage