Қытай Антарктидада бірінші тұрақты әуежай салады

Күні: 15:36, 30-10-2018.

Алматы. 30 қазан. ҚазТАГ - Қытай Антарктидада бірінші тұрақты әуежай салады, деп хабарлады Silkroadnews.
«Қытай Антарктидада бірінші тұрақты әуежай құрылысын жүзеге асыруға кіріседі. 2 қарашада 35-ші қытайлық антарктикалық экспедиция «Сюэлун» мұзжарғышымен Оңтүстік полюске барады. Миссияның маңызды міндеті - Антарктида аумағында «Чжуншань» ғылыми-зерттеу станциясынан 28 ш. қашықтықта мұз қалқаны бар бірінші қытайлық тұрақты әуежай құрылысы»,- деп хабарлады сейсенбіде «Жаньминь жибаоға» сілтеме жасалған хабарда.
Хабарда айтылғандай, осы мақсатпен жақын күндері «Чжуншань» станциясына Қытайдың «Сюзин-601» полярлық ұшағы келіп жетті.
«Сюэин-601» антарктикалық экспедияға осымен төртінші рет қатысып отыр, әркез ұшақ ресейлік әуежай тұрағында тұрады, бұл дегеніңіз жыл сайын көптеген үйлестірушілік жұмыстар жүргізу қажет дегенді білдіреді», - делінген хабарда.  
Хабарда атап өтілгендей, Антарктидадағы тұрақты әуежай құрылысын Қытай үш жыл бұрын жоспарлаған. Бұл нысан, сарапшылардың пікрінше, Қытай үшін маңызды, себебі ол Оңтүстік полюстегі зерттеулерде ірі держава бола тұра,  Оңтүстік полюсте  зерттеулер жүргізу және өзінің стратегиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мтериалды-техникалық қамтамасыз етуге кепіл беруі керек. Бұл жерде ҚХР-дың тұрақұты әуежайының болуы үнемі оның Антарктиданың әуе кеңістігін басқаруда дауысқа құқылы болуына ықпал етеді.
Тұрақты әуежай «Сюзин-601» ұшағы тіркелетін әуежай болады, оның ұшу-қону жолағы, жер бетіндегі қамтылуы, метеорологиялық навигациясы болады, антарктикалық әуе навигациясы жүйесінің жұмысын қамтиды, сондай-ақ, ірі ұшақтардың жұмыс жасауына және болашақта Қытайдың көптеген авиациялық флотының жұмыс жасауына кепілдік береді.  


Жаңалықтармен бөлісу: