Қытай Антарктидада әуежай салады

Күні: 12:16, 29-10-2014.

Алматы. 29 қазан. ҚазТАГ – Қытай Антарктидада өзінің ғылыми-зерттеу және геологиялық барлау жұмыстарын дамыту үшін әуежай салады, деп хабарлады ТАСС.
Хабарда айтылғандай, келешектегі әуежай құрылықтың шығысындағы екінші «Чжуншань» зерттеу институтының маңында орналасады. Бұл ретте әуежайдың ұшып-қону жолағының ұзындығы мен оның өткізгіштік қабілеті айтылмайды.
Мақалада айтылғандай, биылғы жылы сәуір айында аяқталған кезекті экспедиция барысында поляршылар қытайлық «Тайшань» атты төртінші ғылыми станция ашыпты.  
Ол теңіз деңгейінен 2,6 мың км биіктікте және «Чжуншань» және «Куньлунь» станцияларының арасында орналасқан. Зерттеушілер бесінші станция орналасатын жерді де анықтапты.  
Қытай Антарктидаға зерттеулерді 1984 жылдан бері жүргізіп келеді. Қазір олар полярлық зерттеулер үшін Украинадан 1993 жылы сатып алып, «Сюэлун» деп атаған мұзжарғыш кемені пайдалануда. Бұл кеме елдегі жалғыз мұзжарғыш кеме.


Жаңалықтармен бөлісу: