Алматы. 12 қараша. ҚазТАГ – Қытай басшылығы «Бейбітшілік және келісім» форумын ашуға бастамашыл болуды жоспарлап отыр. Оның негізгі міндеті Ауғанстан билігі мен «Талибан» қозғалысының арасындағы келіссөздерді қалпына келтіру, деп хабарлады Ауған телеграф агенттігі (АуТАГ).
Бұл шараға ҚХР, Ауғанстан, Пәкістан өкілдері мен табибан көшбасшылары қатысады деп күтілдуде.
Аталған жоспарды қытайлық тарап қазан айының соңында Ыстамбул үдерісі аясында Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерінің 4-ші отырысында ұсынды.
Бірақ ауған президентінің кеңесшісі атап кеткендей, бұл жоспар әлі күнге ресми жарияланбаған, себебі Ашраф Гани «Талибан» қозғалысы мен Пәкістанның ниеттерінің байыптлығына, сондай-ақ олардың бейбіт үдерсіке қатысқысы келетіндігіне көз жеткізгісі келеді.
Ауғанстан президентінің кеңесшісі Дауд Султанзой атап кеткендей, «бұл үдерісте Қытайға маңызды рөл тапсырылды, себебі Халық Республикасы аумағындағы жағдайдың тұрақтығы келіссөздердің табыстылығына байланысты».
«Одан басқа, ҚХР Пәкістанға айтарлықтай ықпал ете алады», - деп атап көрсетті сұхбатшымыз. Бұл ретте Қытай әзірге бұл бастамаға қатысты қандай да түсініктеме беруден тартынып отыр. Бірақ осы аптада Кабулдағы ҚХР елшісі көпшілік алдындағы сөйлеген сөздерінің бірінде, ұйғыр терроршыларымен күресте Ашраф Гани Қытайға қолдау көрсетемін деген уәдесінде тұрады деген сенім білдірді.
Ауған-пәкістан шекарасындағы тайпа көсемдерінің бақылауындағы аудандар ұйғыр сепаратистерін дайындау және қаруландыруда белсенді пайдаланылуда. Олар одан соң Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Бадахшан провинциясы арқылы Қытайға кіреді.
Еске салсақ, Ауғанстанның жаңа басшысы қазан айының соңында ресми сапармен Қытайға барып қайтты. Оның қорытындысында Қытай басшылығы алдағы үш жылда Ауған Ислам Республикасына тегін $250 млн көмек көрсетуге уәде берді және қазірдің өзінде ауған ІІМ-не $1 млн. сомалық арнайы жабдықтар берді.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ конференциясына қатысу үшін Дубайға келді1 Желтоқсан 2023, 16:31
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, қар күтіледі1 Желтоқсан 2023, 14:47
-
Ұлттық қордан трансферттерге және «ҚазМұнайГаз» АҚ акцияларына $1,32 млрд жұмсалды1 Желтоқсан 2023, 12:50