Қытай Қазақстанмен шекарадағы барлық шекара өткелдерін 5 күнге жабады

Күні: 13:23, 29-04-2019.

Астана. 29 сәуір. ҚазТАГ – Қытай Қазақстанмен шекарадағы барлық шекара жолдарын 5 күнге жабады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қытай ҚХР-да Көктем және Еңбек мерекесінің аталып өтуіне орай 1-5 мамыр аралығында Қазақстанмен шекарадағы барлық шекара жолдарын бес күнге жабады. Екі елдің мемлекеттік шекарасынан бұл күндері тек әуе тасымалы арқылы ғана өтуге болады», - деп хабарлады дүйсенбіде Қазақстанның ҰҚК шекара қызметінің (ШҚ) баспасөз қызметінен агенттік тілшісіне.
Шекарашылар мәлімдегендей, шекара өткелдері қытайлық тарап бастамасымен жабылып, 6 мамырда ғана ашылады.


Жаңалықтармен бөлісу: