Қытай халқы айтпақшы, Азияда «бір көрпенің астында жатып, әртүрлі түс көреді» – Тоқаев

Күні: 09:34, 04-10-2019.

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Азиядағы қауіпсіздікті бөлшектеуге қатысты тиімді формулалар іздеу қажет, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Азиядағы қауіпсіздікті бөлшектеуге қатысты тиімді формулалар іздеу қажет. Бүгінде әртүрлі екіжақты альянстар, аймақтық және субаймақтық институттар «саясат көрпесін» өздеріне тартуда. Қытай халқы айтпақшы, Азияда «бір көрпенің астында жатып, әртүрлі түс көреді»,– деді Мемлекет басшысы Сочидегі «Валдай» халықаралық пікірталас клубының жыл сайынғы XVI отырысының пленарлық сессиясында.
Мемлекет басышсы жаһандық және өңірлік дамудың қауіпті факторларын атап шықты.
«Корей түбегі, Оңтүстік Қытай теңізі, Кашмир, Ауғанстан, Йемен, Сирия, Палестина-Израиль қақтығыс аймағы, Иран мәселесі секілді көптеген аймақтағы қақтығыс ошақтары геосаясаттағы «баяу жарылатын минаға» айналды», - деп атап өтті Қазақстан президенті.
Қазақстан Президенті аймақтағы негізгі елдердің арасындағы бір-біріне деген сенім тапшылығы, «қырғи-қабақ соғыс» элементтерінің қайта бас көтеруі, қақтығыстар, санкциялар мен сенімсіздіктерге жетелейтінін атады.
«Сондықтан Қазақстан 2020-2022 жылдары Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске төрағалық ету барысында өзге де көпжақты институттармен байланысты күшейтуді жоспарлап отыр», - деді Тоқаев.


Жаңалықтармен бөлісу: