Қытай полициясы қазақстандық студентті өлтіру нұсқасын екінші қайтара теріске шығарды – ҚР ІІМ

Астана. 16 шілде. ҚазТАГ – Қытай полициясы қазақстандық студент Сандира Серікханованы біреудің өлтіруі мүмкін деген нұсқасын екінші қайтара теріске шығарды, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
«22 мамырда марқұм Серікханованың әкесі Шанхайдағы ҚР бас елшілігіне қызының өлімі бойынша істі қайта қарауын сұраған. ҚР бас елшілігі ҚХР полициясына тиісті өтініш жолдаған, сөйтіп аталмыш істі қайта қарау басталған. Істі қайта қарау қорытындысы бойынша Қытай полициясы оның өлімі жазатайым болғанын растады. Кісі өлтіру нұсқасы екінші қайтара теріске шығарылды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Оқиға 26 сәуірде болған.
«Биылғы жылдың 26 сәуірінде Чанчжоу қаласындағы (Цзянсу провинциясы, ҚХР) тұрғын үйлердің бірінің 17-қабатынан құлау салдарынан, Цзянсу провинциясының технологиялық университетінің студенті, 1995 жылы туған ҚР азаматшасы Сандира Серікханова көз жұмған болатын. Бұл қайғылы оқиға туралы ақпаратты алғаннан кейін ҚР Шанхайдағы Бас консулдығының қызметкерлері марқұмның ата-анасына дереу хабарлап, сондай-ақ еліміздегі Қытай Елшілігінде С. Серікханованың әкесіне және ағасына ҚХР визаларын жедел ресімдеуге көмек көрсетті», - деп мәлімдеді ҚР ІІМ.
Олар Чанжоу қаласына келгеннен кейін ҚР Шанхайдағы Бас консулдығының дипломаттары Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің өкілдерімен, С. Серікханова оқыған университеттің және сақтандыру компаниясының өкілдерімен кездесу ұйымдастырды
Хабарда атап өтілгендей, өткен кездесуде туған-туыстарына С.Серікханова қаза тапқан үйдің кіреберісіне орнатылған камералардың тиісті бейнематериалдары көрсетілді.
«Тергеу әрекеттерінің нәтижелеріне сәйкес, өлім жазатайым оқиға салдарынан болғаны анықталды. Кісі өлтіру күдігі анықталған жоқ. Қазақстандық дипломаттар Шанхайда қаза тапқан ҚР азаматының мәйітін Отанына жеткізуге көмек көрсетті. 2 мамырда С.Серікханованың мүрдесі Бейжіңнен Нұр-Сұлтанға жеткізілді», - деді қазақстандық дипломаттар.

adimage