Қытайда Қазақстанның 18 мыңнан астам студенті оқып жатыр - сарапшы

Күні: 18:46, 27-02-2019.

Алматы. 27 ақпан. ҚазТАГ - Валентина Владимирская. Қытайда Қазақстанның 18 мыңнан астам студенті оқып жатыр, деп хабарлады Қытай зерттеулері орталығының жетекші сарапшысы Татьяна Каукенова.
«Қытайда Қазақстанның 18 мыңнан астам студенті оқып жатыр. Олар негізінен қытай тілі мен коммерцияны таңдайды», - деді Т.Каукенова сәрсенбіде Алматыда өткен «Қазақстандағы қытайтану: ахуалы мен болашағы» дөңгелек үстелінде.
Оның айтуынша, Қытай «Жібек жолы елдерінің» студенттерін оқыту үшін 250 мың грант бөлген.
«ЖОО сауалнамаға қатысқан студенттердің тең жартысы Қытайда магистрант болып, сол жақта оқуларын жалғастырғылары келеді», - деді қытайтанушы.
Студенттердің айтуынша, қазақстандық ЖОО-ларда Қытай туралы жеткілікті білім бермейді, ол білімнің көлемімен тек сауалнамаға қатысқандардың 11%-ы ғана қанағаттанады. Бұл ретте, сарапшының ақпарынша, студенттердің үштен бірі Қытай жөніндегі маман болғылары келеді екен.
Оқушылар арасында, Т.Каукенованың ақпарынша, олардың 68%-ы Қытай тілін меңгергілері келсе, 43%-ы мектеп бітіргесін Қытайға барып, жоғары білім алғылары келеді екен.


Жаңалықтармен бөлісу: